Дәріс - 2
Тақырыбы: Көркем еңбекті сабағын оқыту әдістері мен тәсілдері
Мақсаты: Көркем еңбекті сабағын оқытудың әдіс-тәсілдерімен таныстыру.
Жоспар:
Оқытудың әдіс тәсілдері
. Ауызша білім беру әдісі
Практикалық іскерлік және дағдыларын қалыптастыру әдіс-тәсілдері
Әдіс деген сөз гректің «metodos» сөзінен шыққан. Метод деген ұғым белгілі ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жетудің жолдары деген мағынаны білдіреді.
Әдіс – басты қойылған мақсат пен түпкі нәтижені сабақтастыратын процесінің негізі. Әдісті көбіне білім беру міндетін шешу, қойылған мақсатқа жету жолындағы шаралар жиынтығы ретінде де қарастырады.
Оқу – тәрбие жұмыстарында жетекші орында сөздік әдістер алады.
Олар мына түрлерге бөлінеді: әңгімелеу, түсіндіру, сөйлесу, нұсқау беру.
Әңгімелеу оқу материалы мазмұнын ауызша баяндаудан тұрады. Мақсатына байланысты әңгімелеудің бірнеше түрі бар: кіріспе-әңгіме, баяндау-әңгіме (суретші шығармашылығы туралы), қорытынды -әңгіме.
Достарыңызбен бөлісу: |