Қабырғалар – сыртқы әсерлерден қорғайтын қабырғалар –сыртқы қабырғалар, ал бөлмелерді өзара бөліп тұратын қабырғалар –ішкі қабырғалар деп бөлінеді.
Бағаналар – арқалық жабындарды, шатырды және қабырғаларды ұстап тұру үшін арналған. Бағаналар астына стакан тәрізді жеке темірбетон іргетастарды орнатады.
Арқалық жабындар деп ғимарат ішкі кеңістігін (биіктігі бойынша) қабаттарға бөлетін элементтерді айтады. Арқалық жабындар өз салмақтарынан басқа үстіне түскен (адам,жиһаз,құрал-жабдықтар салмағы) салмақтарды да көтеріп, оны көтергіш қабырғаларға, бағаналарға,іргетасқа беріледі.
Баспалдақтар – ғимаратқа, қабаттан-қабатқа,шатыр кеңістігіне көтерілуге, жертөлеге түсуге және әр түрлі апат кезінде адамдарды қауіпті жерден түсіруге арналған элементтер. Баспалдақ орналасқан алаң баспалдақ торы деп аталады. Баспалдақтар арналуы бойынша негізгі және қосымша болып екіге бөлінеді.
Есіктер – қоршау бөлшегі болады, ғимаратқа кіруге, бөлмеден-бөлмеге қатынауға және әр түрлі апат болғанда адамдарды қауіпсіз жерге шығаруға арналады.
Терезелер - қоршау бөлшегі болады, ғимараттың ішкі кеңістігіне жарық түсіру үшін, бөлмелерді желдету үшін арналған.
Шатырлар – ғимараттың салынып біткендігін көрсетіп, оны табиғаттың әр түрлі әсерлерінен қорғайды. Шатырлар көтергіш және қоршау бөліктерінен тұрады. Ғимарат салынатын климатологиялық ауданға және ғимараттың арналуына байланысты шатырлар шатыр асты кеңістігімен және кеңістіксіз болып екіге бөлінеді.
Қабырғалар статикалық жұмысы бойынша(әсер еткен жүктемелерді қабылдау) 3 топқа бөлінеді: Көтергіш– әсер еткен салмақ жүктемелерді қабылдап алып,оны іргетасқа береді.
Өз салмағын ғана көтеретін- ғимарат қабырғалары биіктігі бойынша тек өз салмағынан ғана жүктемелерді қабылдайды.
Аспалы- олар өз салмақтарынан түскен жүктемелерді бір қабат биіктігі деңгейінде ғана көтереді де, оларды ғимараттың басқа көтергіш бөліктеріне (бағана,жапқыш тақта) береді.