Сабақ көрнекілігі : Интерактивті тақта,тірек-сызбалар, «Ғимараттың негізгі элементтері»


Іргетас- ғимараттың жер астындағы бөлігі, ғимараттан түскен салмақты үйдің негізіне береді. Негіз



бет4/6
Дата18.11.2023
өлшемі0,71 Mb.
#124516
түріСабақ
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Ғимараттар мен ғимараттардың құрылымдары тақырыбындағы қалалық әдістемелік күндегі ашық сабақтың жоспары

Іргетас- ғимараттың жер астындағы бөлігі, ғимараттан түскен салмақты үйдің негізіне береді.
Негіздеп ғимараттан түскен жүктемелерді көтеретін, іргетас астында орналасқан топырақ сілімін айтады.
Негіз табиғи және жасанды болады.
Табиғи негіздер дегеніміз – сол өзінің табиғи қалпында тұрғызылған ғимараттан әсер еткен жүктемелерді көтере алатын іргетас астындағы топырақ.
Жасанды негіздер деп сол табиғи жағдайында көтеру қабілеті жеткіліксіз болғандықтан, нығыздалған, күшейтілген іргетас астындағы топырақты айтады.
Іргетастың төменгі тегістігін, тікелей негізбен беттесетін бөлігін іргетастың табаны дейміз.
Жер бетінен іргетастың табанына дейінгі арақашықтықты іргетастың тереңдігі дейміз. Іргетастың тереңдігі негіз құмының төзімділігіне,тоңдану тереңдігіне және тағы басқа себептерге байланысты болады.
Іргетас құрылымына қарай тұтас(үзілмейтің тұтас қабырға астына жасалады),бағаналы(бөлек тұрған бағаналардың астына бөлек немесе тұтас етіп салынады). Бағаналы іргетастар өзара темірбетон ростверк арқылы бекітіледі.
Ростверк дегеніміз– темірбетон плита-белдеулер, олар бағаналарды біртұтас жүйеге біріктіреді және салмақтың бағаналарға біркелкі түсуін қамтамасыз етеді.
Әдетте іргетастың қалындығы қабырғаның қалындығынан үлкендеу болады, іргетастың шығынқы бөлігін цоколь дейді.
Цоколь ғимараттың басқа бөліктерінен көбірек әр түрлі ылғалдарға, механикалық температуралық әсерлерге ұшырайды. Сондықтан цокольдің сыртқы бетін цементті ерітінділермен сылайды немесе жауын-шашын әсерлеріне төзімді материалдармен қаптайды. Іргетас арқылы су қабырғаға тимес үшін цокольдің үстіне қабырғамен түйісетін бетіне суоқшалау (гидроизоляциялық) қабат жасайды(мысалы,қара қағздан).
Егер ғимараттың жобасы жертөлемен болса, жертөленің еденінен 10 см төменде тағы бір гидроизоляциялық қабат жасалады. Қажет болса іргетастың сыртқы және ішкі беттері жағылатын немесе желімденетін гидроизоляциялық материалдармен қапталады(битумды мастика, қарақағаз, бризол,гидроизол).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет