Сабақ. Лекция тақырыбы: Оптикалық талдау әдістері. Фотоэлектрокалориметрия. Спектрофотометрия



бет3/8
Дата25.04.2023
өлшемі95 Kb.
#86702
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
15 практ сабақ

А = εlc = lgIo/It= -lgT = χСh,
h-қабаттың қалыңдығы, см; С-қосылыстың концентрациясы, моль\л; Т-өткізу коффициенті;
D = χСh
жарық жұтылуының негізгі заңыжәне фотометрияның теориялық негізі. Бұл заң Бугер мен Ламберттің сәулеленудің жұтылуы мен қабаттың қалыңдығы арасындағы байланысты Бер анықтаған концентрацияға тәуелділігін байланыстырады. Жұтылудың негізгі теңдеуіне тұрақты шама χ кіреді. Егер қосылыстың концентрациясы моль\л анықталатын болса, онда χ = ε, ε - жұтылудың молярлық коэффициенті, бұл ерітіндінің концентрациясы 1 моль-л, кюветаның қалыңдығы 1 см тең болғандағы оптикалық тығыздыққа тең шама. Егерде жұтатын қабаттың құрамы белгісіз болса, онда концентрациясын % белгілейді. Бұл жағдайда χ = деп белгілейді, жұтылудың үлесті коэффиценті деп атайды. Оның физикалық мәні, қабаттың қалыңдығы 1 см тең болғандағы 100 мл ерітіндіде 1 г еріген зат бар ерітіндінің оптикалық тығыздығы.
Жұтылудың молярлық коэффициенті қосылыстың маңызды сипаттамасы. Бұл шама:
1) Зерттелетін қосылыстың табиғатына тәуелді және фотометриялық анықтаудың сезгіштігін сипаттайды. Мысалы: Cu2+ ионы NH3-пен көк түсті ерітінді түзеді [Cu(NH3)4]2+ және ε=100; Cu2+ дитизонмен ε=10000.
2) Жұтылатын толқын ұзындығына тәуелді. Бұл байланысты көбінде қисық түрінде көрсетеді және жұтылудың спектрі деп атайды.
Шың биіктігі боялған заттың концентрациясына тәуелді. ε-шамасын эксперимент нәтижесінде алған мәліметтерден есептейді: ε =D/Ch.
Жұтылудың молярлы коэффицентінің нақты мәндерін алу үшін келесі шарттарды орындау қажет:
1) Сәулелену дәлме-дәл монохроматты болу тиіс;
2) Бір толқын ұзындығында тек бір қосылыстың бөлшектері жұтылуы тиіс;
3) Жұтылатын қосылыстартың нақты концентрациясы белгілі болуы тиіс. Қойылатын шарттарды орындау өте қиын, сондықтан ε орташа шамасын пайдаланады.
D-ның максималды шамасы 0,43 тең болу қажет, бұл жағдайда жүйелік қате ең аз болады.
Салыстырушы ерітінділер. Түсетін және өтетін сәуленің абсолюттік шамасын анықтау өте қиын. Сондықтан, зерттелетін ерітіндінің жұтылуын салыстырушы ерітіндінің қатынасы арқылы өлшейді. Егер талдау барысында анықталатын қосылыс фотометриялық реакцияға қатысатын болса, онда эталон ерітіндісіне де сондай жағдай жасайды. Анықтауды келесі тәсілдермен орындайды:



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет