Қосымшалардың жалғануы
§20. k, q, p дауыссыздарына аяқталған түбір сөзге тәуелдік жалғауы жалғанғанда, g, ǵ, b болып ұяңданып жазылады: júrek – júregi, súıek – súıegi, kúrek – kúregi; qazaq – qazaǵy, baıraq – baıraǵy, taraq – taraǵy; kitap – kitaby, aspap – aspaby, lep – lebi; Ал осы дауыссыздарға аяқталатын етістік түбіріне көсемшенің -а, -е, -ı жұрнағы жалғанғанда, g, ǵ, b, ý болып жазылады: ek – egedi, tók – tógedi; taq – taǵady, baq – baǵady; kep – kebedi, keýip, jap – jabady, jaýyp, tap – tabady, taýyp. Бірақ sap – sapy, sapynda, tarap – tarapynda, tarapymyzdan, qazaq – qazaqy тәрізді сөздердің түбір тұлғасы сақталып жазылады.
§21. Түбір сөзге -hana, -góı, -qoı, -kez, -kesh, -paz, -ger, -ker, -tal, -dar, -qor, -kúnem, -niki (-diki, -tiki), -men (-ben, -pen) тәрізді араб, парсы тілінен енген және төл қосымшалар сөздің соңғы буынының жуан-жіңішкелігіне қарамай жалғанады: kitaphana, emhana; danagóı, aqylgóı; sánqoı, áýesqoı; arbakesh, baıshykesh; jıhankez; ónerpaz, bilimpaz; zańger, saýdager; kásipker, qairatker; sezimtal, uǵymtal; dindar, qaryzdar; mansapqor, jemqor; paıdakúnem; ataniki, аýyldiki, qаzaqtіkі; qoǵammen, ultpen, qyzben.
§22. Екінші сыңары basy, asy, aǵasy, anasy тұлғаларымен келген біріккен сөздерде септік жалғаулары сөздің тәуелдік формасына жалғанады: Elbasyna, Elbasyn, Elbasynda, otbasyna, otbasyn, otbasynda, qonaqasyna, qonaqasyn, qonaqasynda, otaǵasyna, otaǵasyn, otaǵasynda, otanasyna, otanasyn, otanasynda. Тәуелдік жалғауының ІІІ жағы жалғанбайды.
13-сабақ
Қазақстанның тарихи орындар
Бөлек жазылатын сөздердің емлесі
Қазақстанның тарихи орындар
Айғайқұм мемлекеттік ландшафттық табиғат паркі – Кіші және Үлкен Қалқан тауларының арасында орналасқан. Ол – ел назарын аударатын ерекше жер. Сондықтан туристер жақсы көріп көп жиналады. Дүние жүзінде мұндай табиғи айрықша құбылыс (феномен) байқалатын жерлер Қытай, Ресей, Арабия мен Америка сияқты елдерде ғана бар. Биіктігі 150 метрлік құмды таудың ауа райы ашық күндері дыбыстар шығаратыны ғалымдар үшін әлі де жұмбақ. Олар біресе органның әуеніне, енді бірде реактивті ұшақтың гүріліне ұқсатады… Ал физик ғалымдар болса, бұл жағдайды құрғақ құмдардың үйкелісі және кристалдық электрлену деп түсіндіреді. Бірақ жергілікті тұрғындардың өз пайымдаулары бар: бірі – барқанның ішінде қара ниетті адамның жаны қысылып жатыр десе, келесі біреулер дуаланған сұлу қыз жатыр дегенге келтіреді. Сусымалы құмның төбесіне шыққан адамның ежелгі арманы орындалады, ал адасқан адам үлкен күнәһар деген наным да ел арасында кең тараған. Алакөл «Алакөл» атауы ежелгі түрік және моңғол сөздерінен аударғанда «ұлы көл» немесе «таулы көл» деген мағына береді. Тарихи деректерде Алакөл маңынан Ұлы Жібек жолы керуені жүріп өткені айтылады. Алыс жолдан келген саяхатшылар жағалауда демалып, көл суынан нәр алған екен. Алакөлдің табиғи суы емдік, шипалық қасиеттерге бай келетіні сондықтан. Онысы қазіргі заманауи медициналық зерттеулер жүргізу барысында да дәлелденген. Алакөлге келушілердің көбі демалудан гөрі шипа, ем іздеп келеді. Көл суы радикулит, артрит, тері ауруларына шипа болып, адам денсаулығына жағымды әсерін тигізеді. Алматы қаласы Алматы – Қазақстанның ең үлкен қаласы. Ол Қазақстан Республикасының оңтүстік-шығысындағы Іле Алатауының баурайында орналасқан. 2015 жылғы статистика бойынша, Алматыда 1 552 349 адам тұрады.
Достарыңызбен бөлісу: |