Сабақ Лексикалық тақырып: Мемлекеттік тіл Грамматикалық тақырыбы : Латын әліпбиінің тарихи кезеңі Мақсаты: Оқуға, жазуға, ауызекі сөйлеуге қалыптастыру. Жұмыс жоспары



бет14/35
Дата28.03.2023
өлшемі0,61 Mb.
#76821
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35
Байланысты:
Латын жазуы китап

Бөлек жазылатын сөздердің емлесі
§23. Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестері бөлек жазылады: altyn saǵat, kıiz úı, jel arqan, bota kóz, qara shaı, at qora, bas súıek.
§24. Күрделі сан есімдердің әрбір сыңары бөлек жазылады: on bir, on birinshi, on segiz mıllıon, jıyrma segiz, júz on jeti, eki júz jetpis tórt, bir myń toǵyz júz elý úsh, tórt mıllıard, jıyrma úsh bútin onnan bir.
§25. Күрделі сын есімдердің әрбір сыңары бөлек жазылады: аl qyzyl, qońyr ala, qyzǵylt sary, qara ala, kók ala, qara kók, aq sur, qula qasqa, qula jıren, tory tóbel.
§26.Күрделі етістіктердің, есім және еліктеуіш сөздермен тіркескен құрама етістіктердің әрбір сыңары бөлек жазылады: baryp keldi, kele jatyr, jaza ber, kıip júre ber, júgire jóneldi, bara almady, bara almaı qalyp edi, jyǵylyp qala jazdady; qyzmet etý, jumys jasaý, mán berý, qol shapalaqtaý; shap etý, dý ete túsý, baj etý, lap qoıý.
14-сабақ

Қылқалам шеберлері ой бөлісті


Бөлек жазылатын сөздердің емлесі. (§27, §28, §29, §30 ).

Қылқалам шеберлері ой бөлісті


Тәуелсіз еліміздің салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын, ғасырлардан сыр шерткен қасиетті мәдени сәулеттік ескерткіштерін, тарихи орындар мен ұлттық өнерді насихаттау мақсатында түркі тілдес елдердің еңбек сіңірген қылқалам шеберлері Шымкентте бас қосты.
Кескіндеме саласы бойынша өзара тәжірибе және пікір алмасуды көз­деген топ Оңтүстік Қазақстан об­лысы әкімдігінің үлкен мәжіліс за­лында облыстық мәдениет басқармасының басшысы Нұрболат Ахметжановтың қатысуымен «Түркістан – Түркі әлемінің мәдени астанасы» жылы аясындағы ХХ TURKSOY ұйы­мына мүше елдер суретшілері пленэрі бойынша дөңгелек үстел өткізді. Онда Оңтүстік өңірінің өзіндік табиғи географиялық ерекшеліктері мен көз тартарлық орындарын бейне­лейтін халықаралық деңгейдегі өнер шы­ғармаларын жасау, насихаттау мәселесі сөз болды.
Алқалы жиынға 9 мемлекеттің, яғни Түркия, Түркіменстан, Өзбек­стан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Украина, Болгария, Молда­вия елдерінен 17 суретші, ал елі­міз­ден Астана, Алматы, Павлодар, Шымкент қалаларынан 13 кәсіби суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткерлері, ҚР Көркем ­сурет академиясының мүшелері және өнер профессорлары шақырылды. Дөң­гелек үстелде сөз алған облыс­тық мәдениет басқармасының басшысы Н.Ахметжанов ­Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көрсетілген «Туған жер» бағдарламасын жүзеге асыруда да аталған шараның маңызы зор екенін жеткізді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   35




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет