§100. Сөз буын жігіне сәйкес тасымалданады: oqý-shylar, oqýshy-lar; bel-sendi, belsen-di; beı-bitshilik, beıbit-shilik, beıbitshi-lik, qı-yn, bý-yn. §101. Й мен у дауыссыздары екі дауысты дыбыстың аралығында келгенде, da-ýys (daý-ys емес), sa-ýat (saý-at емес), da-ıyndyq (daı-yndyq емес), qu-ıyn (quı-yn емес) түрінде тасымалданады.
§102. Сөз ішінде үш дауыссыз дыбыс қатар келгенде сөздің түбірі сақталып тасымалданады: kúńgirt-teý (kúńgir-tteý емес), jańǵyrt-ty (jańǵy-rtty емес).
29 – сабақ Қазақтың ұлттық ойыны. Сөздердің тасымалдануы.
Тақия тастамақ Ойын шарты былай балалар. Балалар дөңгелеп отырады. Бір бала жүргізуші болып тақия тастау керек, екінші бала біліп алып ойынды жалғастырады.
Жеңілген бала тақпақ айтады
Көктем туралы
Көктем келді шуақты,
Балаларды куантты.
Алақай – ау, алақай!
Құстар сайрап, бақтар жайнап, гүл атты.
Қол күрес Бұл ойын стол үстінде екі баланың білек сынасумен орындалады. 2 бала шынтақтарын столға тіреп қол бастарын айқастырады. Кім білекті столға жықса сол бала жеңіске жетеді.
Хан талапай ойыны Көп асықтың ішінде бір асықты қызыл түске бояап қоямыз. Сол асық «хан» деп аталады. Ойынды бастайтын бала асықтың бәрін қос уысына жинап алып, отырған балалардың алдына шашып жібереді. Балалар ханның қалай түскенін бақылап отырады Ал «хан» алшысыннан түссе, балалар жарыса «хан талапай» деп дауыстап, ханды өз қолына түсіруге тырысады. «Хан» кімнің қолына түссе, сол жеңіске жетеді.
21 асық аламыз. Ойынға 4 бала қатысады. Бірінші бала қызыл түсті 7 асықты жинайды. Екінші бала 7 көк түсті асықты жинайды. Үшінші бала 7 жасыл түсті жинайды. Төртінші бала 7 қоңыр түсті жинайды.
Сөздердің тасымалдануы. §103. Біріккен және кіріккен сөздер буын жігімен тасымалданады: de-malys, dema-lys (dem-alys емес); kó-goraı, kógo-raı (kóg-oraı емес).