Сабақ мақсаты: Барлық оқушылар: • Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қолдануды біледі



Дата25.09.2024
өлшемі1,83 Mb.
#145623
түріСабақ
Байланысты:
Қмж матем 14.03


Мұғалімнің аты-жөні

Мұрптбекова Жайнагүл

Пән/Сынып:

Математика/3«А»

Күні:

10.04.2024

Бөлім атауы:

Су – тіршілік көзі

В Сабақтың тақырыбы:

Бекіту. Көлдер

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:

3.2.1.5 үш амалдан артық әріпті, санды өрнектерді салыстыру

Сабақ мақсаты:

Барлық оқушылар:
• Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қолдануды біледі.
Көптеген оқушылар:
• Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қолдана алады, үш амалдан артық әріпті, санды өрнектерді салыстырады.
Кейбір оқушылар:
• Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритміне мысалдар келтіре алады.

Бағалау критерийлері:

  • Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту және бөлу алгоритмін қолдана алады.

  • Үш амалдан артық әріпті, санды өрнектерді салыстырады.

Сабақ барысы:

Уақыты

Кезеңдері

Педагогтың әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

5минут



Ұйымдастыру

• Оқушылармен амандасу
Психологиялық ахуал
Тақырыпты ашу
Жұмбақ
Көрдің бе анау сайдағы
Жарқыраған айнаны?

Қазақстанда 50 000 - ға жуық көл бар. Олардың 9 - ы ірі көлдер.



Жұмбақты шешіп, бүгінгі тақырыпты анықтайды.



«Мадақтау» әдісі





30
минут

Жаңаны ашу



1. Өрнектердің мәнін тауып, өсу ретімен орналастыр. Сонда судың емдік қасиеті бар көлді анықтайсың.

Learning.Apps тапсырмасы:





2. Есепті шығар
А) Көлде демалушылардың 126-сы әйел адамдар, 115-і ер адамдар. Демалған балалар ер адамдардан 4 есе артық. Көлде барлығы неше адам демалып жүр?





Есепті талдау:

1) Есепте не белгілі?


2) Есепте не белгісіз?
3) Алдымен нені тауып аламыз?
4) Қандай амал қолданамыз?
5) Енді нені тауып алуға болады?
6) Енді сұраққа жауап бердік пе?

3. Баған түрінде жаз және есепте. Дұрыстығын тексер.
135•2
370:2
125•4
774:6

4. Есепті шығар.
Көлде демалушылардың 330-ы теплоходпен, ал олардан 2 есе кем адам желкенді қайықпен серуендеді. Көлде барлығы неше адам теплоходпен және желкенді қайықпен серуендеді?




Ә)


5. Баған түрінде жаз және есепте. Дұрыстығын тексер.
175•4 225•4
115•6 114•5
870:6 920:8
690:5 390:2






6. Есепті шығар.
А) Көлдің тереңдігінің 6/1 бөлігі 14 метрді құрайды. Көлдің жалпы тереңдігін тап.

Ә) Кері есеп құрастыр және оны шығар.







7. Сызба бойынша есептер өрнектер құрастырып, амалдардың орындалу ретін анықта. Оның мәнін тап.


8. Амалдардың орындалу ретін анықта. Есепте.




Сергіту сәті
Жаңбыр жаумай тұрып, киімдерді жинап алу
Көбейту кестесіне байланысты есеп

Дескриптор:
• Өрнектің мәнін табады.
• Сандарды өсу ретімен орналастырады.
• Емдік қасиеті бар көлді анықтайды.
1) Есепте не белгілі?
- шартын айтады.
2) Есепте не белгісіз?
- сұрағын оқиды.
3) Алдымен нені тауып аламыз?
- демалған балалар санын.
4) Қандай амал қолданамыз?
- көбейту
5) Енді нені тауып алуға болады?
- Көлде барлығы неше адам демалып жүргенін.
6) Енді сұраққа жауап бердік пе?
-иә
- жауабын оқу


Дескриптор:
Есепті баған түрінде шығарады.

Дескриптор:


• Көлде барлығы неше адам теплоходпен және желкенді қайықпен серуендегенін табады.

Дескриптор:


• Есепті баған түрінде жазып, дұрыстығын тексереді.

Дескриптор:


• Көлдің жалпы тереңдігін табады.
• Кері есептер құрастырып шығару.

• Сызба бойынша есептер өрнектер құрастырады.


• амалдардың орындалу ретін анықтайды.

Сергіту сәтіне қатысады.



Отшашу әдісі

Басбармақ әдісі



Мадақтау


Мадақтау

Мадақтау әдісі



Оқулық

Сілтемесі:


https://learningapps.org/watch?v=ptb01iwh324
Дәптер



5 минут

Бекіту

9. Арман, Болат және Қайсар көлден қармақпен балық аулады. Олардың әрқайсысы не таутан, не мөңке, не алабұға аулады. Егер төмендегілер белгілі болса, онда олардың әрқайсысы қандай балық аулады:
1) алабұға мен таутанда тікенекті жүзбеқанат бар, ал мөңкеде жоқ;
2) Арман тікенекті жүзбеқанаты бар бірде-бір балық ауламады;
3) Болат Арманның аулаған балықтарына қарағанда 2 алабұға артық аулады.
Егер Арман 3 балық ауласа, ал барлық балық 10-нан кем болса, онда балалардың әрқайсысы неше балықтан аулады?



Дескриптор:
• жауабы:
Арман: 3 балық
Болат: 5 балық
Қайсар: 1 балық

Үш шапалақ әдісі





2минут

3 минут


Кері байланыс

Рефлек-сия



«Аяқталмаған сөйлемдер»
• Сабақта білдім....
• Қиындық тудырды.....
• Білгім келетіні....


• Сөйлемдерді аяқтайды.
Сабақты қорытындылау.

Мадақтау

Дұрыс жауап берген оқушыларға


«тілек сыйлық» беріледі.







Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет