адреналин, жүйкелікреттелу,
нейрогумораль тірек
сөздерініе түсініктеме беріңдер
1- топ. Бездер экзокринді және бездердің орналасқан жерлерін анықтап белгілеп, қызметтеріне сипаттама береді.
Мәтінді оқып болғаннан кейін Постер әдісі арқылы оқушылар суретпен жүмыс жасайды.
2-топ. Эндокриндік және аралас бездердің орналасқан жерлерін анықтап белгілеп, қызметтеріне сипаттама береді. Оқушылар тақырыпшаларын Постер арқылы қорғайды.
3-топ. Оқушылар Өсімдіктер, омыртқасыз жануарлар, омыртқалы жануарлардың өзін-өзі реттеуі қалай жүзеге асатыннын сипаттап мысал келтіріп дәлелдеңдер. Гуморальды реттелу ұғымдарына сипаттама беріңдер.
1. Гормондар дегеніміз не? Ажар
2. Бездер дегеніміз не? Қандай ұлпаға жатады? Бекзат
3. Ішкі секреция бездерінің белгілерімен бездерді ата? Ерсұлтан
4.Омыртқалы жануарлардың гуморалдық реттелуі қалай жүзеге асады? Мысал келтір Жаңылай
5. Омыртқасыз жануарларда өзін-өзі реттеу қалай жүзеге асады? Нүрзия
6. Өсімдіктерде өзін- өзі реттеу қалай жүзеге асады? Нұрсұлтан
6.Ішкі және сыртқы секреция бездер дегенді қалай түсінесіңдер?
7. Ішкі секреция бездерінің қызметіне сипаттама бер?
8. Аралас секреция бездер дегеніміз не?
9. Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі қандай? Ақмаржан
10.Сыртқы секреция дегеніміз не? Бездерді ата Жансая
11. Ішкі секреция бездерді ата? Нұрлан
12. Ішкі және сыртқы секреция бездерінің айырмашылығы қандай?
Бездер дегеніміз –
безді эпителий жасушаларынан тұратын мүшелер. Бұл жасушаларда қандай да белгілі бір заттар секреттеледі. Бездердің ішінде түзілетін заттарды секреция, ал бөлінетін заттарды секрет деп атайды.
Олар түзіліп болған соң, безді эпителий жасушаларының мембранасы арқылы бөлінеді. Безді эпителий жасушаларынан түзілген секреттердің қайда бөлінуіне байланысты бездерді үш топқа бөледі.
Сыртқы секреция бездері (экзокринді) дегеніміз – жасушаларында түзілген сұйықтық арнайы өзекшелер арқылы қуыс мүшелерге немесе сыртқа шығарылады. Сыртқа бөліп шығарушы мүшелерге бауыр, сүт, тер, сілекей, май бездері мен қарын және ішек бездері (асқорыту) жатады.
Сыртқы секреция бездерінің белгілері:
1) бөліп шығарушы өзегі болады;
2) секреттері мүшелерге немесе дененің сыртына бөлінеді (қанға емес);
3) секреттері көп түзіліп, бөлінеді (грамм, милиграмм). Олар мүшелердің жұмысына өзгеріс келтірмейді. Сондықтан оларды сөлдер деп атайды, мысалы, асқорыту сөлі.
Ішкі секреция бездерінің (эндокринді)сөл бөліп шығарушы өзегі болмайды,
сондықтан ол тікелей қанға бөлінеді. Оларға гипофиз, эпифиз, қалқанша безі, қалқанша-маңы бездері, айырша без және бүйрекүсті бездері жатады
Ішкі секреция бездерінің белгілері:
1) сөл бөліп шығаратын өзегі болмайды;
2) сөлі тікелей қанға бөлінеді;
3) оның сөлін гормондар деп атайды. Олар өте аз мөлшерде бөлінеді,
бірден бірнеше мүше және ұлпаға әсер көрсете алады.
Аралас секреция бездері – бір мезгілде қанға гормондар, өзектерге сөл бөледі. Ағзада екі аралас секреция
бездері болады. Олар ұйқы безі мен жыныс бездері. Әйелдерде: аналық жұмыртқа бездері; ерлерде: аталық бездер. Ұйқы безі қанға инсулин, глюкагон гормондарын бөледі. Бұл оның ішкі секрециялық (эндокриндік)
қызметі. Ал сыртқы секрециялық қызметі: өзінен бөлінетін ұйқыбез сөлі
(панкреатин) өзекшесі арқылы тікелей ұлтабарға құйылады.
Жыныс бездерінің сыртқы секрециялық белгісі: ер адамдардың жыныс бездерінде жыныс жасушалары – сперматозоидтар, әйелдерде жұмыртқа жасушасы түзіледі. Олар жыныс бездеріндегі өзектерге түседі.
Ішкі секрециялық белгісі: жыныс бездерінде түзілген жыныс гормондары тікелей қанға бөлінеді.
Достарыңызбен бөлісу: |