2. Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі. Тыныс алудың жиілігі кеуде клеткасының немесе құрсақ еттерінің бір минуттегі қозғалу саны бойынша анықталады және организмнің оттегіне физиологиялық қажеттілігіне тәуелді. Балаларда алмасу процесінін жоғары болуы нәтижесінде оттегіне қажеттілік ересек адамдармен салыстырғанда біраз жоғары. Сондықтан тыныс алу жиілігі оларда жоғары болады. Дене еңбегі кезінде оттегінің тез жұмсалуы нәтижесінде тыныс алу жиілігі де жоғарылайды. Баланың жасы неғұрлым жоғары болса, оның тыныс алу жиілігі соғұрлым сирей түседі. Жаңа туған балада минутына 40-60 рет қозғалыс, төменгі класс оқушыларында-20-22, 12-18 жас ал жоғары класс оқушыларында ересек адамдардың мөлшеріне жақындайды, яғни минутына 16 рет.
Тыныс алу жиілігі ұлдарда қыздарға қарағанда 8 жасқа дейін жоғары болады, ал жыныстық жетілу кезеңінің басталуына сай қыздарда тыныс алу жиілігі жас ерекшелікке байланысты. Әйелдермен тең жағдайда болатын ер адамдардың тыныс алуы біршама сирек, ол мүмкін өкпе көлемінің мөлшеріне байланысты болуы. Тыныс алу жиілігі ой еңбегі күшейген кезде, эмоция күшті өзгеру кезінде, жүйке күйзелісі кезінде де өзгеруі ықтимал.
Ұйқы кезінде тыныс алу сирей түседі, себебі организм тыныштық жағдайда болғандықтан, оның оттегіне мұқтаждығы аз болады. Сөйлеу және өлең айту кезінде дем алу, дем шығару ұзақтығының көбею есебінен, біраз сиректеле түседі. Тыныс алу жиілігі мен жүрек жұмысының арасында белгілі тәуелділіктің болатыны анықталды. Сөйтіп, балалардың бір рет тыныс алу кезіне, тамырдың соғуы 3-4 рет үйлесімді келеді, ал ересек адамдарда - 4-5. Бірақ адамның эмоциялық жағдайын ескерген жөн.
Терең тыныс алу - организмнің сыртқы тыныс алу аппараты қызметінің көрнекі көрсеткішінің бірі. Бұл бір рет дем алған кезде өкпеге баратын ауаның мөлшері бойынша анықталады. Дем шығару кезіндегі мөлшері де осындай. Өкпеге ауа неғұрлым көп барса, дем алу соғұрлым терең болады. Ересек адамдарға қарағанда, балаларда дем алу үстіртін болады. Дем алу кезінде ересек адамның өкпесіне 500 мл-ге жуық, төменгі класс оқушыларына 250 мл-гe дейін, жоғарары класс оқушыларына 450 мл-ге жуық ауа барады. Осылай дем алу кезінде бала организмінің тканьдері оттегінің қажетті мөлшерімен қамтамасыз етіліп, дем алу қозғалыстары жиілей түседі.
Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың негізгі функциялық сипаты өкпенін тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) болып саналады, яғни адамның алдын ала терең дем алып, дем шығару кезіндегі ауаның максималды көлемі. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы дем алу көлемінен, дем алудың резервті көлемінен және дем шығару резервті көлемнен тұрады. Ал максималды дем шығарғаннан кейін де өкпеде, ауа қалып қояды, ол қалдық ауа. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы спирометр құралы арқылы анықталады.
Өкпенің тіршілік сыйымдылғы жас жоғарылаған сайын арта түседі. Сөйтіп, 7 жасар балалар 1400 мл болса, 9 жаста - 1700, 11 жаста 2100, 14 жаста -2700 және 16 жаста -3200 мл. Қыз балаларда 100-300 мл. тереңдеу болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы бойдың әрбір 5 см өсуіне 400 мл жоғарылап отырады да, организмнің тыныс алу түрі (тип) мен жаттығу дәрежесіне тәуелді болады. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы жас кезінен бастап спорт ойындарымен шұғылданған адамдарда жоғары болады - жүгіру, малту, шаңғы тебу.