3.Тыныс алу типтері. Тыныс алу кезіндегі көкірек клеткасы көлемінің өзгеру бағытына байланысты тыныс алу үш типке бөлінеді: көкірек, құрсақ және аралас көкірекқұрсақ. Жаңа туған балаларда құрсақты тыныс алу типі байқалады. Олардың көкірек клеткасы тұрақты жағдайында болады, оның себебі жату жағдайымен байланысты.
Өмірінің екінші жылының бас кезінде жату жағдайына ауысуына байланысты, тыныс алу көкірек типінен құрсақ типіне ауысады. 3-7 жаста көкірек типті тыныс алу айқын байқалады, ал 7-14 жастан жыныстық айырмашылықтары әсер ете бастайды, Ұл балаларда көпшілік жағдайда құрсақ типті тыныс алу байқалса, қыздарда көкірек типті тыныс алу байқалалы.
Газ алмасу. Балаларда газ алмасу сілтілік-қышқылдық тепе-теңдіктің реттелуі түрліше болуына байланысты. Мәселен, 5 жасар баланың дем шығару кезіндегі ауаның құрамында ересек адаммен салыстырғанда, көмір қышқыл газы үш есе кемдеу. Дем шығару кезіндегі ауада оттегі жас жоғарылаған сайын азая түседі де, көмір кышқыл газы көбейеді.
Дем шығару кезіндегі ауаның құрамындағы оттегі мен көмірқыш-газының мөлшері (%).
Дем шығару кезіндегі ауаның құрамында оттегінің біршама жоғары болуынан балаларда альвеолдардағы оттегінің қанға өтуі ересек адамдармен салыстырғанда аз болады. Мәселен, 6 жасар балада өкпеде оттегінің пайдалану проценті 33, ал 17 жаста -4,3. Жаңа туған балаларда өкпеде оттегінің адамдарға қарағанда екі есе кем.
6-7 жасар балалардың тыныс алу ауасының құрамында оттегі 6,5-8,5 процент болғаннын өзінде 14 минуттен артық тыныс алуға шыдай алмайды. 10 жастағы балаларда оттегі 5,5-6,5 процент болғанның өзінде 15 минутке дейін, 15-16 жаста 5,0-6,0 процент - 11,5 минутке дейін. Сөйтіп, 12-16 жастағы балалар ересек адамдарға қарағанда кейде оттегінің жеткіліксіз болуына төзімді келеді де, ауа оттегінің 5,0-7,0 процентінің өзінде тек 9 минут тыныс алады. Ал кейде 2200-3000 м биіктікте ұзақ уақыт болған жағдайда жас өспірімдер мен қыздардың оттегінің жеткіліксіз болуына сезімталдығы ересек адамдарға қарағанда жоғары болады. Ондай жағдайда 14-17 жастағы жас өспірімдердің жоғары дәрежелі нерв әрекетінде, ересек адамдар мен 3-7 жас аралықтарындағы балаларға қарағанда едәуір өзгерістер байқалады.