Негізгі әдебиеттер: Дүйсембин Қ.Д., Алиакбарова З.М. Жасқа сай физиологиясы және мектеп гигиенасы (оқулық). –Алматы, «Дәуір», 2003. 400б.
Балгимбеков Ш.А., Ташенова Г.К., Нуркенов Т.Т. Курс лекций по возрастной физиологии и школьной гигиене. –Алматы. -2012. -104с.
3. Жұмабаев С. Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы . Алматы, 1996ж.
4. М.Т.Матюшонок, Г.Г.Турик, А.А.Крюкова. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы. Мектеп. 1986. –Б. 285.
№8 Дәріс тақырыбы: Ас қорыту жүйесінің жасқа сай анатомиялық-физиологиялық
ерекшеліктері (1 сағат)
Сабақ мақсаты: ас қорыту ағзаларының даму ерекшеліктерін қарастыру
Сабақ жоспары: 1. Ас қорыту органдарының құрылысы.
2. Бауыр мен ұйқы безiнiң ас қорытуындағы рөлi.
3. Ұйқы безі.
1. Ас қорыту органдарының құрылысы. Ас қорыту жолы бiрнеше бөлiмге бөлiнедi: ауыз қуысы, жұтқыншақ, өңеш, қарын, аш және тоқ iшек. Ас қорыту қуысына ас қорыту бездерiнiң сөлi келiп кұйылады. Кейбiр бездер ас қорыту қуысының қабырғасында орналасқан. Мысалы, қарын мен iшектердiң, ал басқалары бауыр,ұйқы безi-ас қорыту қуысынан тыс орналасады.
Ас қорыту системасының жасқа байланысты ерекшелiк қасиет болады. Мәселен, балалардың ас қорыту каналыньң кілегейлi қабығы нәзiк келедi де, оны көптеген қан тамырлары торлап жатады, механикалық тiтiркенуге өте сезiмтал, серпiмдiлiк қасиетi жеткiлiксiз болады. Сондықган балалардың iшек-қарын куысында әр түрлi кабыну процестерi тез пайда болып, олардың ауыр түрiне айналуы мүмкiн.
Ас қорыту қуысының кiлегейлi қабығын ас қорыту және сiңiру қызметiн аткарады. Құрылысы өте күрделi болып келедi. Онда көптеген ‚ұсак бездер болады, олардан сөл бөлiнедi. Оньң еттi қабаты сол органның өзiн және iшiндегi заттың қозғалуын қамтамасыз етедi. Дэнекер тканi қорғаныш қызметiн атқарады. Дәнекер тканіне қан тамырлары меп нервтер келiп ‚ұштасады. Соньң нәтижесiнде ас қорыту кұрылысының тiршiлiк әрекетi қалыпты жүзеге асады.
Ауыз куысы. Ас қорыту жолы ауыз қуысынан басталалы. Ауыз қуысының жоғары жағында қатты, тандай, артқы жағында жұмсақ таңдай, алдьңғы және бүйiр жағында үстіңгі және астыңғы жақ тiстер тұйықтап тұрады. Тамақ заттары шайнау арқылы механикалық жолмен өзгсрiске ұшырайды. Шайнау кезінде тамақ ұсақталып, сiлекеймен араласып жұмсарады. Тамақ неғұрлым жақсы шайналып, усақталса, қарын сөлiнiң ферменттерi соғұрлым тез және жақсы әсер етедi. Шайнау қозғалыстары тамақ заттарының жақсы ұсақталуына әсер етiп, тамақ бөлшектерiнiң ауыз қуысындағы кiлегейлі қабықпен жанасуын жоғарылатьп, сiлекейдiң көбiрек 6өлінуіне себеп болады. Жасқа байланысты шайнау ұзақтығы өзгеріп отырады.
Шайнау процесiнде тiстердiң де маңызы зор. Балалар өмірінің 6-7- шi айларында тiстерi жара бастайды. Ол - сүт тістер. Сүт тістер 13-14 жаста тұракты тiстерге ауысады. 20-22 жастан бастап, ал кейде одан да кешiрек үлкен азу тiстер - ақыл тiстер шығады. Бұлар төртеу, өте осал және шайнау әрекетiне қатыспайды. Тiстiң жарылуы физиологиалық процесс болып табылады да, денi сау балаларда еш қандай ауру туғызбайды. Реакциясы жоғары балаларда жарылуы қиындау болуы мумкiн. Осы кезде сырқаттану температура көтерілу, ұйқы бұзылу, салмак косылмау ықтимал.
Сүт тiстер ауырған кезде, қатар тұрған тұрақты тiстер зақымдалуы мүмкiн. Мұндай жағдай, әсiресе, төменгi класс оқушыларында жиi байкалады, Олардың зақымдалуы ертерек басталмау үшiн, тiстердi күнделікті күткен жөн. Тiстердi жатар алдында тазалаған дұрыс. Ертеңгiлiкте қайнаған жылы сумен шаю керек. Әр тамақ соңында шайып отыру да орынды. Тiстерге жылына 2 рет профилактикалық тексерулер жургiзiледi. Тiстiң түсуi немесе босауы ас қорыту процесiне әсер етiп, ас қорыту жолының әр түрлi ауруларына шалдығуы мүмкiн.
Тамактың құрамында витаминдердiң жетiспеуiнен бүкiл организмде, оның iшiнде тiстердiң зат алмасуы бұзылады. Сонда тiстiң дентинi мен эмаль қабаты бұзылады. Кариес (тiстiң тесiлуi) балаларда кен таралған тiс ауруы. Кариес - тiс сауытын қаптап тұрған эмальдiң бұзылуы немесе тiсте куыс пайда болуы. Кариестiң пайда болу себептерi анықталмаған, бiрақ тамақ режимiнiң бұзылуынан, суда фтордың жетiспеуiнен дегел болжамдар бар.
Сiлекей бездерi. Ауыз қуысына үш жұп iрi сiлекей бездер - жақ асты, шықшыт, тiл асты және көптеген ұсақ бездерiнiң өзектер ашылады. Бездерден ауыз қуысына сiлекей бөлiнедi. Сiлекейдiң құрамында су, муцин, бактерицидтiк зат. Лизоцим және птиалин мен мальтаза ферментерi болады. Сонымен сiлекей ферменттерiнiң әсерiнен углеводтар ауыз қуысында ыдырай бастайды. Ал бiрақ углеводтардың толық ыдырауы аш iшекте аяқталады. Жаңа туған балаларда мальтаза ферментi болмайды. Бала өмірінің алғашқы 2 айында сiлекейдiң бөлiнуi көп болмайды. Сiлекейдің бөлiну мөлшерi ауызға түскен тамақтың мөлшерi мен оның ұзақ уақыт шайналуына байланысты. Сондықтан баланы жай, асықпай шайнауға үйреткен жөн. Жасқа байланысты сiлекейдiң көлемi дежоғарылай түседi. 9-дан 12 айға дейiн және 9-дан 11 жаска дейiн жоғарылайды.
Қарын- ас қорыту жолының ең кеңейген бөлігi. Құрсақ қуысының жоғарғы бөлiмiнде орналасқан. Балалардың қарны, әдетте, жұмырлау болып келедi, бiрақ оның бұлшық еттерінің дамуына және қабылданатын тамақтың турiне байланысты өзгередi. Бала карнының көлемі дүниеге келген күннен бастап 1 жасқа дейiн 10 есе өседi. Жаңа туған бала карнының пішінi дөңгелектеу болады, 1,5 жаста алмұрт пішінді болып, ал 6—7 жастарда оның пішіні ересек адамдардьң қарнына ұқсас келеді. Бала өмірінің алғашқы, жылдарында карынның өсуi жеделдеп, оның сыйымдылығы артады.
Қарынның жоғарғы жағы өнешпен, ал төменгi жағыұлтабармен жанасып жатады. Қабырғасы 3 түрлi кабаттан тұрады: серозды, еттi және кiлегейлi. Кiлегейлi қабығында көптеген ұсак бездер болады. Сол бездер карын сөлiн жасап, бөлiп шығарады. Сөлдiң құрамында ферменттер және тұз қышқылы болады. Пепсин - белоктарға, липаза-майларға әсер етiп, химозин ферментті сүтті ерітедi.
Белоктарды ыдырататын ферменттің көбеюi, әсiресе, 1,5-З жаста, одан кейiн 5-6 жаста және 12-14 жаста байқалады. 6-7 жасқа дейiн тұз қышқылы концентрациясының томен болуынан, қарын сөлiнiң бактерицидтiк қасиетi әлсiз болады да, осы жастарда балаларда iшеек карын инфекциялық аурулары жиi кездеседi. Тұз қышқылының көбеюi 15-16 жасқа дейiн байқалады.
Тамақ ауыз қуысында өзгерiстсрге ұшырап, сiлекеймен араласып, өңеш арқылы барып түседi. Ас қарынға түскеннен соң қарын бездерiнен бөлiнетiн сөлдiң құрамындағы ферменттердiң әсерiнен асқорытыла бастайды. Қырында астың қорытылуы 3-4 сағатқа созылады. Қорытылу ұзақтығы көптеген жағдайларға, мәселен, астьң құрамына, мөлшерi мен сапасына (ыстық немесе суық, қатты немесе жұмсақ, жануар немесе өсiмдiк тектес болуына) байланысты болуы мүмкiн. Астың қорытылу ұзақтығы сондай-ақ нерв системасыныңжағдайына да тауелдi. Асты қабылдау режимiн дұрыс орындау астың жақсы корытылуына себепшi болады. Ертеңгi, түскi және кешкi асты белгiлi бiр уақытта қабылдаса, дер кезінде шартты рефлекс пайда болып, сол сәтте қарын сөлі көп бөлiнедi. Сол неғұрлым көп бөлiнсе, ас соғұрлым тез қорытылады.