2. Зат алмасу ферменттерінің рөлі Ферменттер организмдегi биохимиялық реакцияларды тездетедi. Қазiргi кезде белгiлi болған ферменттердi бәрi де белоктар болып саналады. Организмдегi зат алмасу процесiнің барлық түрлерiнiң жүзеге асуы ферменттердiң белсенділігіне байланысты. Олардың белсендлiгі көптеген факторға тәуелді. Ферменттер тек реакцияларды жылдамдатып қоймай, оны реттеуге де мү мкiндiгi бар. Ферменттер клеткаларда пайда болып, әрбiр клеткада олардың саны 1000-ға жетедi.
Ферменттер белгiлi бір температуралық жағдайда әсер етедi. Жануарларға тән ферменттердiң белсендiлiгi 40-50°С да ең жоғары болады. Температура бұл мөлшерден жоғарыласа, белсендiлiгi төмендеп, оның табиғи қасиетi жойыла бастайды. Ферментативтi белсенділігі зат алмасу нәтижесiнде пайда болған, заттардың (метоболиттердiң) әсерiнен өзгеруi мүмкiн. Ферменттер организмде болып жататын барлық процестерге катысады. Соның нәтижесiнде ас қоррытылу, газ алмасу, гемоглобиннiң жасалуы жүзеге асады. Ферменттердің процесiнiң орталық нерв системасына баруын жылдамдатуына және басқа да көптеген процестерге қатысы болады. И.П. Павлов ферменттердi «өмiрдiң кiлтi және қоздырғышы» деп атады. Белгiлi ағылшын ғалымы Дж.Бернал егер ферменттер болмаса, жер бетінде тiршiлiк болмаған болар едi, организмде биохимиялық реакциялар тездемеген болар едi- деп әдiл айтқан.
3. Жас кезендеріне байланысты энергияның алмасуы Өсіп тұрған организм оттегін қабылдау және көмірқышқыл газын бөлу қарқыны бойынша сипатталады, себебi балаларда алмасу процесінің жоғары болатыны мәлiм. Мектеп жасына дейiнгi балалардың 1 кгдене массасы 6,1см3 оттегiн кажет етедi, 14-15 жастары жас өспiрiмдер-4,5 см3. ал ересек адамдарда- 3,7 см. Соған сәйкес жас кезеңдерiне тәуелдi негізг алмасудың көлемi алғашқы кезде жоғарылап, ал содан кейiн төмендей түседi.
Организмнiң жағдайына, оның кызметiне, қоршаған ортаның темературасына байланысты зат алмасу қарқыны өзгерiп отыруы мүмкiн. Бұлшық еттердiң тыныштьқ жағдайындағы аш қарындағы дене мен сыртқы орта температурасының қалыпты кезіндегі энергия жұмсалуды сипаттайтын алмасудың дәрежесі негізгі алмасу деп аталады.
Негiзгi алмасу килокалория (ккал) немесе килоджоуль (кдж) бойынша анықталады. Әрбiр жас топтарына сай негiзгi алмасу бiршама тұракты болады. 7-6 жаста 33 ккал, 12-14 жаста — 34 ккал, ересек адамдарда - 24 ккал. 12-13 жаста негізгі алмасу қыздарға қарағанда‚ ұлдарда жоғары. 12-13 жастан бастап жыныстық жетiлу кезенiне дейiн алмасудың бұл түрi қыздарда, көбейе түседi. Ал жыныстық жетiлуден кейiн ұлдарда қайтадан жоғарылайды. Жыныстық жетiлу кезiнде негiзгi алмасу жоғарылайды, ұлдарда (14-16 жастардан бастап) және қыздарда (12-14 жастардан бастап) 10-20 процентке жоғарылайды. Негiзгi алмасу ересек адамдармен салыстырғанда, балаларда артықтау болады, себебi бала тканьдерiнiң ассимиляцияға қабiлетi және оның организмiнiң өсу қарқыны жоғары. Балаларда энергияның алмасуы жасқа, бойының‚ ұзындығына, жынысқа, нерв системасының функциялық жағдайына, дене бітіміне, терi астында майдың болуына және басқа да себептерге байланысты болатыны анықталған. Тамактың қандай түрi болмасын зат алмасуды жоғарылатады. Әсiресе белоктардың әсерi үлкен. Бұлар организмге тамақ заттармен барған кезде, зат алмасу өте күшті жүреді. Бұлшық еттердiң қызметiне байланысты энергияның бөлінуі әр балаларда болсын, әрi ересек адамдарда болсын, орындалатын қимыл-қозғалыстардың түрiне сай анықталады. Қимыл-қозғалыстарға қатысатын бұлшық еттердiң тобы неғұрлым күшті жиырылса, энергияның бөлінуі соғұрлым тез болады және бұлшық ет талшықгары неғұрлым күшті жиырылса, энергияның бөлiнуi соғұрлым арта түседі. Энергияның бөлiнуi организмнiң жеке ерекшелiк қасиетіне де тәуелді.