2. Бүйректің жетілуі. Балалардың бүйректерім 6-7 айда эмбриональдық кездегі белгілерге ұқсас болады, функциялық жағынан да жеткіліксіз болып байқалады. 9-12 айда бүйректің функциялық қабілеті едеуір жоғарылай түседі. Балалардың бүйрегі 3 жасқа дейін жақсы өседі. 3-5 жасқа дейін бүйректің қыртыс қабатының қалыптасуы аяқталады. 9-10 жаста бала бүйрегінде ересек адамдардың бүйрегінен айырмашылық болмайды. Бүйректің ми қабатының өсуі біркелкі болмайды да, қыртыс қабатының өсуіне қарағанда баяу болады. өсу негінен 3 жасқа дейін, 5-6 жаста және 9-12 жаста. Бүйректің өсуі балаларда 12 жасында толық қслыптасады.
3.Бөлу органына қойылатын гигиеналық талаптар. Түнгі несеп ұстамау Балалар өмірінің түнгі ұйқы кезінде еріксіз тыс несеп шығару- энурез немесе түнгі несеп ұстамау деп аталады. Бұл да невроздың бір түрі. Алайда мұндай жағдай мектеп жасына дейінгі балалардың күндізгі ұйқысы кезіндеде байқалады. Сондықтан оны «еріксіз несеп шығару» деп атаған. Ер балаларда энурез қыз балаларға қарағанда жиірек және жазда қыстағыдан гөрі сирек болады. Түнгі несеп ұстамаушылық ұйықтар алдында көп мөлшерде сұйық ішу, психикалық жарақат, шаршап-шалдығу, тоңу жағдайларда байқалады.
Энурездің алдын алудың түстен кейін балалардың қимыл-қозғалыс белсенділігі мен пайдаланатын сұйықты шектеу, диета сақтау, түнде 1-2 рет зәр ұстау үшін ояту. Шыжың балалардың түбегіне клеенка оның бетіне ақ жайма төсеу керек, жамылғы көрпе жылы болуы керек, суық энурезге жағдай туғызады. Энурезге шалдыққан балалар бұл кемістігіне қатты намыстанады, түнде көпке дейін ұйықтамайды, ал сонан соң қалың ұйқы кезінде несеп шығарып қойғанын сезбейді. Шыжыңмен ауырған балаларға сергектікпен қарау керек, оның кемістігін коллективте әңгіме болып, талқылауға түспеуі қажет.
Несеп ұстамауға шалдыққан балалармен күн режимін бұлжытпай орындауға, дұрыс демала білуге, дұрыс тамақтануға, тұзды және ащы тағамдарды аз қабылдауға, жатар алдында сұйықты көп ішпеуге ете ауыр дене еңбегімен шұғылданбауға бағытталған тәрбие жұмыстарын жүргізу керек. Несеп ұстамауға шалдыққан балаларды ата-аналар, ал кейде тәрбиешілер ұялтып, қорқытып, жәбірлейді. Ондай реакция, көп жағдайда жақсы жағдай туғызбайды, яғни несеп ұстамау жиіленіп, баланың психикасына зақым келеді. Бұл жағдай баланың мінез-құлқының нашарлығына байланысты емес, аурудың нәтижесі екенін білу керек.
Баланы жазалау емес, емдеу керек. Балаға ауруды емдеуге болатын жағдай туғызу керек. Егер балада сенім пайда болып, келісім жасаса, онда дәрігердін қойған талаптарын дұрыс орындау үшін ата-аналар жағынан және тәрбиешілер жағынан қатаң бақылау жүргізіп, тексеріп отырған жөн.
Жеке басының гигиенасын дұрыс орындамау баланың несеп жүру және несеп шығу жолдарын қабындыруға дейін жеткізеді. Балаларды жыныс мүшелер ін таза ұстауға үйреткен дұрыс, яғни ертеңгілікте және кешке қарай жатар алдында мүмкіндігінше жылы сумен сабындап жуып тұру. Ол үшін арнайы бөлінген сүлгі болуы керек, оны жұмасына бір рет қайнатып жуу керек.