Сабақ мақсаты: оқушылардың физиологиялық дамуы жайлы мәліметтер беру Сабақ жоспары



бет14/64
Дата20.09.2023
өлшемі216,16 Kb.
#109118
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64
Байланысты:
okush. fiziol. damu - darister

Аралық ми. Аралық ми ортаңғы мидың алдыңғы жағында орналасқан. Ол көру төмпешегінен (таламус) және төмпешік асты аймақтаң (гипоталамус) тұрады. Мидың бұл бөлімі, әсіресе, адамда жақсы жетілген. Аралық мидың негізгі массасы – көру төмпешігі. Бұл кабаттала келіп, бірнеше ядроға бөлінеді (алдыңғы,ішкі, сыртқы және артқы). Көру төмпешігі арқылы ми қыртыстарына баратын афференттік импульстер өтеді. Гипоталамус көру бөлімінен, емізік тәрізді денеден және меншікті аймақтан тұрады. Көру бөліміне зат алмасу мен дене температурасын реттеуге байланысты сұр төбешік жатады. Сұр төбешік клеткаларының дифференциялануы және пісіп жетілуі ертерек басталып, 6 жаста ақталады. Клеткалары мен өткізгіш жолдары содан кейін де, эсіресе, жыныстық жетілу кезінде өседі. Емізік тәрізді денеде екі төбешік болады және ол мидың төменгі бет жағында орналасқан. 2-3 жастан жоғары кездерінде олардың ядролары баяу дамиды, сондықтан дифференциялану 7-8 жасқа дейін созылады. Ал 14-16 жаста ересек адамның ядроларынан айырмашылығы болмайды. Гипоталамус әртурлі және күрделі қызмет атқарады. Дене температурасының өзгеруі, зат алмасу процесі, қан тамырларының және клетка аралық кеңістігінің өткізгішігі, ас корыту жолдары және несеп болу гиноталамустың жұмысына байланысты.
Мишық. Мишық мидың шүйде бөлімінде орналасқан. Мишықтың алғашқы бастамасы баланың эмбриональды даму кезеңінің екінші айында пайда болады. Бала дүниеге келгенде мишықтың салмағы 20 г. болады да, ұл балалардың салмағы жоғарылау келеді. Алғашқы 2-3 жылдарда Зала жүре бастағанда мишық күшті өседі. Содан кейін өсу қарқыны төмендейді. Бала 15 жасқа келгенде мишықтың мөлшері ересек адамдарға теңеседі. Мишық екі ми сыңарларынан және күрт тәрізді бөлімнен тұрады. Үстіңгі жағы сұр затпен қапталып, қыртысты болып келеді. Бала дүниеге келген кезде қыртыс сайлары әлсіздеу болып, бет қабы кішілеу болады. Мишықтың ішкі жағы талшықты келген ақ заттан тұрады. Сұр және ақ заттардың өсуі баланың жасына тәуелді болады. Баланың 8-10 жас аралығында сұр зат баяу, ал ақ зат тез дамиды. Ақ затта төрт жұп ядролар орналасқан. Ең ірі ядросы тіс тәрізі! ядро болып есептелеі!. Мишық организмнің әртурлі қозғалыстары мен вегетативтік кызметтеріне әсер етеді. Мишық зақымдалған жағдайда адамның қалыпты қозғалыстары бұзылып, жүргенде аяқтарын шалыс басып, ары-бері теңселеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет