Сопақша ми. Сопақша ми ми сауытында орналасқан. Төменгі жағы жұлынмен, жоғары жағы ми көпіршесімен жалғасады. Онда нерв клеткалары шоғарланып, ядролар құрайды. Сопақша мидың атқаратын қызметі жұлынға ұқсас, ал бірақ бұның қызметінің әсері күрделірек. Мұнда тіршілік әрекетіне өте қажетті көптеген орталықтар бар. Мысалы; тыныс алу, қан айналу, ас қорыту т.б. Тыныс алу орталығынан импульстер жұлынға барып, қабырға аралық еттер мен диафрагманы (көк ет) қозғалтады. Соның нәтижесінде тыныс алу еттерінің жұмысы бірқалыпты жүзеге асып, өкпе ырғақты тарылып, кеңейіп тұрады. Жүрек рефлексі де ядромен байланысты. Бұл рефлекс жүректін жұмысын өзгереді. Сопақша мида еттің тонусын реттейтін орталықтар бар. Бұл ет тонусының рефлекстерін туғызаы. Тонус рефлексі балалар дүниеге келген күннен пайда болып, жас жоғарылаған сайын жетіле түседі. Балаларда тері рефлексі де жасалады. Мысалы, санның ішкі жағынан тітіркендірсе, аяқ бүгіледі. Баланың алақанын тітіркендіргенде "Ұстау"рефлексі» байқалады. Тұжырымдап айтқанда, сопақша мида жоғарыда айтылғаннан басқа да рефлекстер туғызатын нерв орталықтары бар.
Ортаңғы ми. Ортаңғы ми көпіршенің алдыңғы жағында орналасқан. Ортаңғы ми төрт төмпешіктен, қызыл ядродан және субстанциядан тұрады.Ортаңғы мидың жақсы дамуы бала өмірінің жасөспірім кезеңінде (16 жаста) байқалады. Мидың бұл бөлімі құрылысының күрделі болуына байланысты рефлекторлық, қызметі де күрделі болып келеді.
Төрт төмпешіктің екі жұп төмпешіктері болады. Төрт төмпешіктің алдыңғы екі төбешегінде көрудің алғашқы рефлекторлық орталығы бар. Артқы жұп төбешігі естудің алғашқы рефлекторлық орталығы болып есептеледі. Төрт төмпешік зақымдалса, адамның көру және есту қабілеті бұзылады.
Қызыл ядро - сұр заттың жиынтығы. Бұның негізгі қызметі - еттің тонусын тарату және қозғалту рефлекторлық реакцияның өзара бірлесуін жүзеге асыру. Қызыл ядро статикальқ жұмыстың, тұру жағдайдың, жүрудің және автоматтық қозғалыстардың орындалуын реттейді. Осы ядро арқылы импульстер мишықтан жұлынға және миға барады. Қара субстанцияның кызметі бұлшық еттердің тонусын және әртүрлі назік қозғалыстарды реттеп отыру.Мысалы,қол саусақтарының, шайнау және жүру сияқты күрделі рефлекторлық әрекеттердің бірқалыпты байқалуын жүзеге асыру. Ортанғы мидың басқа ядроларына Қарағанда, бұл баяу жетіледі, сондықтан реттеу қызметіне біртіндеп қосылады.Оның баяу жетілуіне меланин пигментінің жиналуы себеп болады.Жаңа туған баланың субстанциясында мұндай пигмент болмайды. Алғашкы рет - ол балалның 2-4 жасында пайда болады да, 15-16 жастарында толық, байқалады.