Сабақ мақсаты: Оқушылардың «Кинематика»



бет140/160
Дата06.01.2022
өлшемі16,87 Mb.
#11429
түріСабақ
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   160
Байланысты:
10-pplan

ІІІ. Жаңа тақырып.

Фарадей тәжірибелерін демонстрациялап, түсініктеме беру.




Фарадей заманында пайда болған токты бақылау үшін тангенс-гальванометрді пайдаланған.


Ток жоқ кезде магнит тілі меридиан жазықтығында орналасады. Тангенс-гальванометрдің орамы арқылы ток жібергенде магнит тілі қайсыбір бұрышқа бұрылады. Осы бұрыштың тангенсі бойынша Жердің магнит өрісінің индукциясын біле отырып, өткізгіштегі ток күшін табуға болады.




Катушкаға магнитті енгізгенде, сосын оны суырып алғанда, гальванометр тілі ауытқиды. Магнитті сұғу және суыру кезіндегі тілдің қозғалыс бағыты қарама-қарсы. Бұл мндукция тогының бағыты өзгереді деген сөз.






Тілдің ауытқуы магнитті енгізу және шығару жылдамдығы неғұрлым көп болса, соғұрлым үлкен. Сонымен қатар ток күшінің кіретін және шығаратын магниттер санына тура пропорционал болатыны анықталды. Егер магнитті катушкаға баяу енгізсек, онда ток күші магнитті кенеттен енгізгенге қарағанда аз болады.




Жолақ магнитті тогы бар катушкамен алмастырсақ және бірінші катушканың ұштарын гальванометрге жалғап, екінші катушка арқылы ток жіберсек, онда токтың қосып ажыратқанда және реостат арқылы ток күшін арттырып-азайтқанда, гальванометрдің тілі ауытқиды. Токты қосқанда және ажыратқанда , катушкаларды жақындатқанда гальванометрдің тілі бір жаққа, ал токты ағытқан кезде немесе азайтқан кезде немесе катушкларды бір-бірінен алыстатқанда ол басқа жаққа ауытқиды.





Контур біртекті магнит өрісінде индукция сызықтары оның жызықтығына перпендикуляр болатындай етіп орын ауыстырса, онда гальванометр токты көрсетпейді. Егер контурды осы өрісте айналдырсақ, онда гальванометр токтың бар екенін көрсетеді әрі токтың бағыты айналу бағытына тәуелді болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   160




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет