ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:
Электролиттік диссоциация деп қандай құбылысты айтамыз?
Диссоциация дәрежесі дегеніміз не?
Электролит дегеніміз не?
Электролиз дегеніміз не?
Фарадейдің заңдарын тұжырымдаңдар.
Электрохимиялық эквиваленттік дегеніміз не?
Электролизді техникада қалай қолданады?
ІІІ. Жаңа сабақ.
Видеокассета арқылы тәжірибе демонстрацияланады.
Қорытынды.: газдың иондаушысы жоғары температура, рентген, ультракүлгін сәулелер, α-сәулелер және т.б.
Газдың иондалынуына кері процесс-рекомбинация жүреді, яғни газ иондарынан бейтарап молекулалар түзіледі.
Иондалған газдағы зарядты тасымалдаушылар еркін электрондар мен иондар болып табылады. Иондалған газдардың өткізгіштігі жартылай иондық, жартылай электрондық.
Газдағы ток күшінің кернеуге тәуелділігі.
Кернеудің аз мәндерінде газдағы ток Ом заңына бағынады.Газдағы мәні кернеуге тәуелсіз болатын токты қанығу тогы деп атайды.
Тек тосын иондауыштың әрекетінен ғана болатын газдағы разряд өздік емес разряд деп аталады.
Тосын ионизатордың көмегінсіз-ақ пайда болатын разрядты өздік разряд деп атайды.
Газдағы ұшқынды разряд деп тасқындық тесіп өтудің пайда болуына жеткілікті жоғары кернеудегі разрядты айтады.
Газдағы тәж разряды кеңістіктегі өрістің барлық жерінде емес, электродта немесе өткізгішке жақын және өріс кернеулігі жоғарырақ жерлерде соққы иондауынан пайда болады.
Егер катод қыздырылса, онда өздік разряд электродтардағы онша үлкен емес керену кезінде-ақ пайда болады. Мұндай разрядты электрлік доға дейді.
eEλ≥Аи, яғни электрондардың еркін жолы артса, Е өріс кернеулігінің аз мәнінде газдың өздік өткізгіштігін алуға болады. Газдарды сиреткенде оларыдң өткізгіштігі артады.
Бұл қорытындыны дәлелдейтін тәжірибе:
Сиретілген газдардағы жарық шығарумен қатар жүретін разряд солғын разряд деп аталады.
Атомдардың не молекулаларының басым көпшілігі иондалған газ плазма деп аталады. Плазма деп заттың оң және теріс зарядтарының мөлшері өзара тең, бірақ электрлік жағынан бейтарап күйін айтады.
Егер заттың барлық атомдары немесе молекулалары түгелдей ионданған болса, онда плазманы толық ионданған деп атайды.
ІV. Пысықтау.
Достарыңызбен бөлісу: |