ІІ. Жаңа сабақ түсіндіру.
Металдардағы электр тогын электрондардың бағытталған қозғалысы тудырады. Осы тұжырымды дәлелдейтін тәжірибелер:
1901 жылы Э. Рикке тәжірибесі, 1916 жылы американдық физиктер т. Стюарт пен Толмен тәжірибесі.
ХХ ғасырдың басында неміс физигі П. Друде мен голланд физигі Х.Лоренц металдардың электр өткізгіштігінің классикалық теориясын құрды. Бұл теорияның негізгі қағидалары:
1. Металдардың жақсы электр өткізгіштігі олардағы еркін электрондардың бар болуымен түсіндіріледі.
2. Сыртқы электр өрісінің әрекетінен электрондардың ретсіз қозғалысы реттеліп, электр тогы пайда болады.
3.
I=q0nSυорт
I= e2nλSE
ρ=2mu/e2nλ шамасы заттың меншікті кедергісі деп аталады.
E=U/ℓ
I=US/ρℓ=U/ ρℓ/S=U/R Ом заңы.
Әр түрлі заттар ішкі құрылыстарымен ерекшеленетін болғандықтан, олардың кедергілері де өзгеше болады. Бұл кристалдық тордағы иондардың орналасуына және заттағы еркін электрондардың концентрациясына байланысты.
Зат арқылы ток өткенде, оның ішкі энергиясы әрқашан артады. Металдардан ток өткен кездегі бөлінетін жылу мөлшерін Джоуль-Ленц заңы бойынша анықтайды:
Q=I2Rt
Металдардың меншікті кедергісі
ρ= ρ0(1+ αt)
R=R0(1+αt)
Кейбір металдардың кедергісі өте төменгі температурада нольге дейін түсетіні анықталады. Бұл металдардың осы температурадан бастап электр тогына кедергі жасамайтынын көрсетеді.
Голландия физигі Камерлинг-Оннес 1911 ж. асқынөткізгіштікті ашты. Кейбір металдардың кедергісі өте төменгі температурада нөлге дейін түсетіні анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |