Сабақ мақсаты: Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру



Дата17.04.2023
өлшемі19,06 Kb.
#83470
түріСабақ
Байланысты:
Еңбек -бәрін жеңбек ашық тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы: Еңбек – бәрін жеңбек.

Сабақ мақсаты:


1. Оқушыларға тек еңбек арқылы барлық жетістікке жетуге болатындығын түсіндіру.
2. Оқушыларды адал еңбекке баулу .
3. Адам еңбегін бағалай білуге, еңбек адамдарын сыйлай білуге тәрбиелеу.
Сабақ көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ түрі: аралас
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру.
Кіріспе сөз
Топтастыру.
ІІ. Негізгі бөлім
Кім болам?
-Жұмбақ шешу;
-әдеби монтаж.
Пайдалы кеңестер. /сергіту сәті/
ІІІ. Қорытынды бөлім
-Нағыз еңбек неден басталады?
-Еңбек қана бар қиындықты жеңбек.

Мұғалім: Балалар , бүгінгі ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Еңбек - бәрін жеңбек. Балалар, еңбек сөзін естігенде ойларыңа не келеді?


Слайд арқылы «еңбек» туралы түсінік алады
Мұғалім толықтырып, адамның өмір сүруіне қажеттінің барлығы еңбекпен келетіні түсіндіру.
Итальяндық ғалым, суретші Леонардо да Винчидің «Көп еңбек еткенге бақыт басын иеді» деген екен. Еңбектің пайдасы – тәрбиелейді, жігерлендіреді, күш береді, қуантады, бақытты етеді, өмір сүруге үйретеді, үнемшіл болуға үйретеді, ширатады, шынықтырады.

Адамның адам болуында еңбек шешуші роль атқарған. Адамзат еңбекті, еңбектің құралдарын жетілдіре отырып, өзі де жетіліп кемелдене берген. Сондықтан қоғамның даму тарихын еңбек пен еңбек құралдарының өзгеру, жетілу тарихы деуге де болады. Тіршілік жағдайының қиындауы еңбекті күрделендірді. Еңбектің арқасында табиғат заттарын еңбек құралы етіп, отты сөндірмей пайдаланды, топтасып аң аулады, бір-біріне көмектесті.Ф. Энгельс айтқандай «Адамды адам еткен- еңбек»


/ Слайд/
Еңбектену тек адамға ғана тән деген пікірмен келіспеймін. Жануарлар да дамыл таппай еңбектенеді ғой. Жануарлар қалай еңбектенеді екен?

Алдымен соған мысал келтірсеңші, сонда ойың дәлел болар еді ғой. Сен «Құмырсқа елінде» деген әңгімені оқыған шығарсың. Құмырсқа илеуінің ішінде қаншама «бөлмелер» бар. Әр бөлмені пайдалану ретіне қарай «аналық құмырсқа бөлмесі», «балалар бөлмесі», «азық қоймасы» т.б. деп атауға болады. Сондай-ақ бал арасының қалай ұя салатынын айтсақ та жетпей ме?


Мысалдарың тамаша! Жануарлар да еңбектенеді екен. Бірақ қанша еңбектенгенмен адам еңбегінің олардан зор айырмасы бар ғой.
Қандай айырмасы бар? Адам еңбегі оймен, санамен, ақылмен істеледі. Табиғат заттарын өңдеп, өзіне қажет, табиғатта кездеспейтін бұйымдар жасайды. Адамнан басқа қандай жануар арнай шам жасап қараңғыны жарық етеді?
Адамның еңбегі- саналы еңбек, оған мысал келтіріп айтуға болады.
Демек, адам табиғатта кездеспейтін алуан түрлі күрделі заттарды, бұйымдарды ақылмен ойлап жасайды екен. Дегенмен оны алғашқыда табиғаттан көріп үйреніпті. Адам табиғаттан үйреніп кейбір заттарды ойлап тапқан.
/слайд /
1-оқушы: Аспанда қалықтап ұшқан құсқа қарап ұшақты ойлап шығарды.
2-оқушы: Бал арасының ұясын, ағаш жапырақтарының діңі, бұтақтарының орналасуын, құрылымын т.б зерделеп, алуан түрлі ғимараттар салды.
3-оқушы: Құмырсқа илеуіне негізделген қалалар тұрғызды.
4-оқушы: Балықтың жүзуіне қарай отырып кемелер жасалды.
5-оқушы: Табиғаттағы инелікке қарай отырып тікұшақ жасады.
Осы айтылған аз мысалдан-ақ адам еңбегінің жасампаздығын байқаймыз.
Сонымен тіршілік үшін ауадай қажет, онсыз бір күн де өмір сүруге болмайды. Заттың бәрін адам баласы өз қолы, өз еңбегімен жасайды. Адам өз қолымен жасайтын еңбегі әрі сарқылмас жігерімен құдіретті. Еңбектің арқасында адам жетіліп дами бермек. Еңбек адамның денесін шынықтырып, мінез-құлқын қалыптастырады. Еңбек ету адам баласынан тапсырылған іске деген табандылық пен ынта-жігерді, құндылықты, тындырымдылық пен жауапкершілікті талап етеді. Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді. Еңбексүйгіштік, еңбекқорлық және еңбекті бағалай білген адам өмірде құрметке бөленеді.

ІІ. Негізгі бөлім


Кім болам?
-Жұмбақ шешу;
-әдеби монтаж.
Енді елбасымыздың айқындап берген 20 бағытын басшылыққа ала отырып келешекте өз орнымызды , мақсатымызды , таңдайтын мамандығымыз
жайлы қазірден бастап ойлануымыз керек! Әрбір мамандықтың біз білмейтін қыр-сыры бар.
Ала таяқ ұстаған,
Жол тәртібін нұсқаған.
Өміріңді күзеткен,
Ысқырығы күшті адам.
/милиционер/
Бал тамған мәзір,
Ол бар жерде әзір.
/аспазшы/
Оқу-білім бағдары,
Заманының бағбаны.
/мұғалім/
Өскен шашты жаратпайды,
Қайшысы бар жалақтайтын
/шаштараз/
Келіп баған қасына,
Өрмеледі басына.
/монтер/
Еңбек орны-танабы,
Сүйікті ән- дала әні.
Егін салып, мәпелеп,
Асырайды қаланы.
/дихан/
Өңкей сығай екі топта
Таласып жүр бір допқа.
Бұл кім ?
/футболшы/
Күміс қанат сұңқары,
Көкке еркін сүңгиді.
Бұлттан да тым әрі
Кеткен жанды кім дейді?
/ұшқыш/
Мен таңдайтын мамандық. /Әдеби монтаж/
1- оқушы Ай-һой, ғажап қандай бұл,
Ал, кәне, кәсіп таңдай біл.
Аламын қандай мамандық,
Алдымда толған таңдау тұр.
Әлемге ән боп жалғанар,
Әйгілі небір тарландар.
Әуелей ұшқан аққудың
Әсерлі үнін салған дәл
Әміре менен Күләштай
Әнші болсам не арман бар?!

2- оқушы : Кәсіпкер болсам егер де,


Бар әлемді кезем де.
Бар пайданы ойламай,
Барымды берем мен елге.
Велосипед мініп одан да,
Велошабандоз болам ба?

Геолог болып тегі мен,


Гүл жайнаған өңірден
Гуілдеп күн-түн тынбайтын,
Газдың ашам кенін мен.
Ғалымның жолы ғажайып,
Ғибрат сабақ алайық.

3-оқушы: Ғұмыр бойы ізденіп,


Ғанибет – ашу жаңалық.
Ғылымға құмар қалпыммен,
Ғарышкер болам бәлкім мен:
Ғұмырлы қазақ елінің
Ғарышқа жаяр салтын кең.
Ес көретін өз елі,
Ер мінезді, беделді,
Ел мен елді дос етер
Елші болғым келеді.
Еңбек.
Жасампаз төрді түлетіп,
Жаңғыртқан қайта мың рет.
Шөлейтті жерді гүл етіп,
Жайқалтқан мен бір құдірет.
Бәрі де менің жеңісім,
Зейнетім, демек жемісім.
Шалқыған астық – кенішім,
Ырысты бейбіт ел үшін!
Шаттықтың әнін тербеткен,
Көресің мені жер-көктен,
Ерліктің туын өрлеткен,
Өркендеп ғалым еңбекпен.
Сондықтан ойлап ертеңді,
Сүйіп өс маған табын да.
Еңбекпен өмір өркенді,
Еңбекпен келер бағың да.
Білім терең теңіз бе,
Білім, еңбек егіз бе?
Рухани азығым –
Осы екеуі деңіз де.
Дейді атам «Білімді
Еңбекпенен сен ізде!»
Еңбек етсем, ертеңгі
Бақытыма сенемін!
Мақсатыма жеткізер
Уақытыма сенемін!

«Еңбек – қуаныш, жалқаулық - айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болма.


1- оқушы: Еріншектен – салақтық,


Салақтықтан – надандық…
Бірінен-бірі туады,
Жоғалар сөйтіп адамдық.
Жүрейін десең, тұрғызар,
Төсекке мойын бұрғызар.
«Өзгелер де жүр ғой» деп
Біреуді мысал қылғызар.
2-оқушы: Іс қалдырмас еселі –
Білімнің ең кеселі.
Кірсе бойдан шығу жоқ,
Күн сайын өсер бес елі.
Төбеңді сөйтіп теседі,
Орныққан сайын өседі.
Ғибадат жоқ, өнер жоқ,
Бәрінің жолын кеседі.
3-оқушы: Еріншек таза жүре алмас,
Кір-қоңын да жуа алмас.
Харекет жоқ, ғылым жоқ,
Өз бойынан ұялмас.
Даулассаң, желдей еседі,
Өзі айтып, өзі шешеді.
Үйір болған кісілер
Жан тыныштық деседі.
4-оқушы: Жан тыныштық бұл емес,
Жан дененің құлы емес.
Өзің байлап бересің,
Жан жұмысы ол емес.
Еріншек, ашу, құмарлық,
Бұларды істен шығардық.
Жамандықтың басы – осы,
Кісі болса ұғарлық.

Әлемде 40 мыңға жуық әр түрлі мамандықтар бар. Статистердің зерттеуі бойынша жыл сайын 25 млн адам өзінің жұмыс орнын ауыстырып, оның


12 %-і қайтадан өз орнына қайтып оралады екен. Бұдан мамандықты таңдауда әр маман қателесіпті деуге бола ма? Әлде өзінің болашақтағы профессионалды қызметіне жан- жақты дайындалу керек шығар? Қоғамға, адамдарға пайдасын тигізетін мамандықтарды қалай таңдауға болады?
«Адам өз өмірінде екі нәрсені таңдауда қателеспеуі керек: біреуі – жар таңдау, екіншісі – мамандық таңдау» деп М.Мақатаев атамыз айтқандай, мамандық таңдау – жасөспірім кездегі адам өміріндегі ең маңызды шешімдердің бірі. Бүгін біздер өз қабілеттерімізге қарай мамандық пен бағдар таңдауда алғышарт жасадық. Бүгінгі кездесу сағатымызға келген қонақтарымызға рахметімізді айта отырып, кешіміз сіздердің болашақта қай бағдарда оқитындарыңызды, өз қызығушылықтарың мен қабілеттеріңе, үлкен септігі тиді деп ойлаймын.
Көк жүзіне алаулы,
Міндет емес ай болу.
Ең бастысы қалаулы,
Кәсібіңе сай болу.
-Еңбек қана бар қиындықты жеңбек.
Барлық байлық еңбекпен келеді. Ауылымызда тек өзінің маңдай терімен отбасын асырап отырған ер адамдар бар.
Еңбексіз бос жүру адамды моральдық жағынан құлдыраушылыққа, жұрт еңбегінің есебінен күн көруге әкеліп соғады.Еңбек етпесең не қорлыққа, не ұрлыққа барасың.Еңбек қана адамның жанын жарастыққа, ризалық сезіміне бөлеп бақытты етеді.Еңбек етсең ешкімге тәуелді болмайсың. Атың да, атағыңды да шығаратын -Еңбек .

Ұлағатты сөздер


Өмірде үлкен еңбексіз ештеңеге де қол жетпейді.


( Гораций)
Талап, еңбек, терең ой
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс көнсеңіз.
(Абай)
Еңбек қылмай тапқан мал дәулет болмас,
Қардың суы секілді тез суалар.
(Абай)
Тамағы тоқтық,
Жұмысы жоқтық
аздырар адам баласын (Абай)

Еңбексіз өмір кешуге жол жоқ.


Күшіңе сенбе, адал ісіңе сен. (М.Әуезов)
Елге сіңірген еңбек жақсы,

Еңбекті елеген ел жақсы.


Спандияр Көбеев
Еңбектегі әр минут- бір несібе.
Ғафұр Ғұлам
Терлеп еңбек етпегенннің тілегіне жеткенін көргенім жоқ.
Бауыржан Момышұлы

Қандай мұратың болса да өз еңбегіңе сен, басқаға телмірме.


Ғабдолла Садықұлы.

Қатаң ұста-бос жүрмесін сандалып,


Болсын тәртіп-бала өседі сомдалып.
Бала нені білсе жастан, ұядан.
Өле өлгенше соны таныр қиядан.
Жас кезінде білім берсең,қалай да-
Өсе келе қолы жетер талайға.
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса уысыңнан шығарма.
Жүсіп Баласағұн
Адам өмірінде өзіне ыңғайлы, өзі қызығатын, қолынан келетін істі істесе, еңбегінің өзіне де, өзгеге де пайдасы мол, жемісті болып, еліне, халқына пайдасы берекелі болады. Осымен «Еңбек- бәрін жеңбек» атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет