Сабақ мақсаты: тыныс алу жүйесінің физиологиялық ерекшелігін қарастыру Оқу нәтижелері



бет1/9
Дата28.03.2022
өлшемі34,2 Kb.
#29002
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

4 Дәріс тақырыбы: Тыныс алу және қан айналым жүйелерінің жас ерекшеліктері мен жалпы заңдылықтары

Сабақ мақсаты: тыныс алу жүйесінің физиологиялық ерекшелігін қарастыру

Оқу нәтижелері:

студенттерге тыныс алудың физиологиялық және биохимиялық процесстегі қызметін және физиологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат беру, білім мазмұнын кеңейту.

Сабақ жоспары:

1. Тыныс мүшелерінің құрылыстық және қызметтік жас ерекшеліктері.

2. Тыныс алу жиілігі мен тереңдігі.

3. Тыныс алу типтері.

4. Мектептің ауа және жылу режимі.

1. Тыныс мүшелерінің құрылыстық және қызметтік жас ерекшеліктері.

Жұтқыншақ пен мұрын қуысының құрылысы. Бала дүниеге келген алғашқы күндерінде тыныс алу қиын болады, себебі мұрын тесігі тар, ал мұрынның нәзік кілегейлі қабықшасы қан және лимфа тамырларына мол болып, ісініп тұрады. Кілегейлі қабықшаның асты өте әлсіз жетілген.

Жаңа туған бала мұрнының қосымша қуыстары жақсы жетілмеген, өмірінің алғашқы жылдарында ғана пайда бола бастайды. Жаңа туған баланың кеңсірік қуысы жоқтың қатары, ол тек екі жастан үлкейе бастайды да, тісеу кезінде жетілу дәрежесіне келеді. Жаңа туған баланың жас бөлу-мұрын каналы (түтігі) қысқа келеді, жұтқыншақ - таңдайда лимфа тамырлары көп болады. Таңдай қуысы тек екінші жылы пайда болады да, көмей сияқты 15 жаста толық қалыптасып бітеді. Мұрын қуысының көлемі өсе келе 2,5 есе үлкейеді.

Жаңа туған баланың мұрын қуысындағы бездері мен жұтқыншағы жұмсақ және көлемі біршама үлкендеу. Бадамша безі (миндалина) жақсы жетілмеген, бұлар өмірінің алғашқы жылдарында өсіп-дамиды да, 4-жаста едәуір үлкейе түсіп, содан кейін өсуі баяулап, 9-10 жаста өсуі қайтадан тездеп, 19 жаста өсуі толық бәсеңдейді. Сондай-ақ қабынған жағдайда мұрынның кілегейлі қабығы тез және жиі ісінеді, кейде жоғарғы тыныс алу жолы тарылған кезде, мұрын арқылы дем алу тоқталып қалуы да ықтимал. Жаңа туған баланың мұрын, көмей және кеңірдек сіңірлері жұмсақ болғандықтан, кейде тыныс алу қиындайды.

Балалар кеңірдегі мен бронхыларының құрылысы. Балалардың кеңірдегі, ересек адамдарға қарағанда жоғарылау орналасқан, 6-13 жаста балалар кеңірдегінің жоғарғы ұшы 5-6-шы мойын омыртқаларының тұсында жатады, ал ересек адамдарда 8-ші мойын омыртқасында. Кеңірдектің ұзындығы жасқа тәуелді дененің ұзындығына сай параллель өседі. Оның ұзындығы көмейдің төменгі жағынан бронхыларға бөлінетін жерге дейін жаңа туған балаларда 3-4 см, 5 жаста - 5-6; 10 жаста - 6,3; 15 жаста - 7,45; ересек адамдарда -9-12. Балалардың кеңірдегі мен бронхыларының көлденең кесіндісі едәуір тарлау болып келеді. Кеңірдек пен бронхылардың кілегейлі қабығы нәзік және қан тамырлары мен лимфа тамырларына бай, сондықтан шаң-тозаң мен микробтар оған оңай кіреді, ет ткані және серпімді талшықтар нашар дамыған. Сіңірлері жұмсақ. Бронхылар бала өмірінің, әсіресе, алғашқы жылдарында тез өседі, сол жак бронхының өсуі оң жаққа қарағанда кешеңдеу.

Балалар өкпесінің құрылысы. Жас жоғарылаған сайын өкпенің салмағы мен көлемі арта түседі. Өкпенің өсуі, негізінен альвеолдардың саны мен көлемінің өсу себебіне байланысты.

Жаңа туған балаларда альвеолдардың саны ересек адамдарға қарағанда үш есе аз. Барлық жас шамаларындағы балаларда, әсіресе, жаңа туған балаларда, ерте балалық шақта төменгі класс оқушыларында, альвеолдардың тыныс алу беті, ересек адамдармен салыстырғанда біршама жоғары. Альвеолдардың диаметрі 7 жасында жаңа туған балаларға қарағанда екі есе артық, ал өсіп-жетілудің соңында - үш есе. Өсе келе өкпенің төменгі шегі 1-2 қабырғаға дейін темен түседі. Балалардың өкпесі арқылы жүретін қанның мөлшері ересек адамдарға қараңанда біршама жоғары. Өкпе капиллярларының жақсы дамуына байланысты, қанның альвеолдарының ауамен жанасу беті де біршама артық. Осының бәрі есіп тартан организмдегі зат алмасу процесін күшейту үшін қажетті газ алмасудың жоғары болуын қамтамасыз етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет