Сабақ мақсаты: тыныс алу жүйесінің физиологиялық ерекшелігін қарастыру Оқу нәтижелері



бет5/9
Дата28.03.2022
өлшемі34,2 Kb.
#29002
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
daris-4.t n s alu zhane kan ainal m zhuielerinin zhas erekshelikteri men zhalp zand l ktar (1)

4. Мектептің ауа және жылу режимі.

Адам үшін ауаның гигиеналық жағынан таза болуы тек химиялық құрамы ғана емес, сонымен қатар оның физикалық жағы бойынша да анықталады: температурасы, ылғалдығы, қысымы, қозғалысы, атмосфераның электрлік өрісінің жағдайы, күннің радиациясы т.б. Барлық жылы қанды жануарлардың қалыпты жұмыс әрекеті дене температурасының тұрақтылығымен сипатталады. Бұл жағдай жылу панда болу мен болу процестерінің тепе-тендігіне әсер етеді.

Қоршап тұрған ауа температурасының жоғары болуы жылу бөлуді қиындатып, содан кейін дене температурасын көтереді. Тамырдың соғуы және тыныс алу жиіленеді, шаршау үдейе түседі, жұмыс қабілеті төмендейді. Егер адам ауа ылғалдылығы біршама жоғары жағдайда болса, жылудың бөлінуі қиындап, терлей бастайды.

Температура төмен болған жағдайда, адам жылуды көп бөліп, организмге суық тез тиюге себеп болады. Ауаның ылғалдығы жоғары болып, температура төмендеген кезде де, денеге салқын тиіп, ауруға шалдығуы мүмкін. Сондай-ақ организмнен жылудың мөлшерден артық белшу жағдайы, ауаның қозғалыс жылдамдылығына және организмнің өзше де байланысты (ашық машинаға, велосипедке міну).

Атмосфераның электрлік және магнитік өрісі де адамға әсерін тигізеді. Мәселен, ауаның теріс электр иондары, организмге қолайлы әсер етіп, шаршаған кезде тынықтырып, жұмыс қабілетін жоғарылатады. Оң иондары керісінше тыныс алуды тежейді т.б. Теріс иондары қозғалысы, оларды жеңілдеу дейді, ал он иондардын қозғалмалығы аздау - ауырлау. Таза ауада жеңіл иондар көбірек болады, ал ауаның ластану дәрежесіне байланысты иондар шаң-тозаңдарға, су тамшыларына шөгіп, ауыр түріне айналады. Ауа жылы және былғаныш болып, тыныс алуға жарамсыз болады.

Ауада шаң-тозаңнан басқа да микроорганизмдер болады. Әсіресе ауа өтпейтін жабық орындарда жиі кездеседі. Олар бактериялар, споралар, зең саңырауқұлақтар т.б.

Ал бірақ, атмосфера ауасы әдеттегідей ауру туғызатын микроорганизмдердің тіршілік ету орны болып саналмайды. Егер ауру адам бөлмеге келген жағдайда, ол ауру қоздырғыштарын қалдырып кетеді де, ластанған ауа организм үшін қауіпті болып табылады. Мысалы, туберкулезбен, гриппен, дифтериямен және т.б. аурулармен жатқан адамдардың бөлмесіндегі ауа. Сондықтан ауаның таза болуы үшін күресу тек қана табиғат қорғау емес, сонымен қатар адамдарды аурулардан қорғау, денсаулықтарын сақтау болып есептеледі.
4.1 Дәріс тақырыбы: Қанның жастық ерекшеліктері және жүрек-қан

тамырлары жүйесінің дамуы.



Сабақ мақсаты: қанның, жүрек-қан тамырлары жүйелерінің физиологиялық даму ерекшеліктерімен танысу

Оқу нәтижелері:

студенттерге қанайналымы жүйесі, қан айналымының үлкен шеңбері, жүректің қан айдау қызметі физиологиялық ерекшеліктері туралы ақпарат беру, білім мазмұнын кеңейту.

Сабақ жоспары:


  1. Қан құрамы, қызметі

  2. Қан ұюы, топтары. Қан аздық

  3. Жүректің құрылысы. Жүрек циклі.

  4. Қан қысымы. Қан айналым






  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет