§13. Практикалық жұмыс . Дыбыспен жұмыс.
|
Мектеп:
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні:
|
Сынып:
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Оқу мақсаттары
|
3.1.2.42- компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану.
3.1.3.1 - сандық құрылғылармен жұмыс жасауда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтау.
3.2.4.1.- арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару.
|
Сабақ мақсаттары
|
Барлық оқушылар үшін:
Дыбыс туралы ұғымдарды білу, дыбыс құрылғыларын пайдаланғанда қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін үйрену.
|
Көптеген оқушылар үшін:
Арнайы программаның көмегімен дыбыс жазуды, өңдеуді, дыбыс файлдарын сақтауды, сақталған файлды ашуды, ойнатуды білу.
|
Кейбір оқушылар үшін:
Дыбыстармен жұмыс жасауды практика барысында қолданып, командалар қызметін ажырату.
|
Тілдік мақсаттар
|
Пәндік лексика және терминология:
Дыбыспен жұмыс - работа со звуком - .work wirk sound
|
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы
Талқылау:
Дыбыс, дыбысты жазу программаларына қатысты тіркестер мен сөздерді пайдалану.
|
Тірек білім, білік, дағдылар
|
Өткен тақырып бойынша сұрақтар беріп, осы сабақпен логикалық көпір құру.
|
Жоспар
|
Сабақ кезеңдері
|
Жоспарланған іс-әрекет
|
қосымша ресурстар
|
Басталуы
|
Оқушылармен амандасу. Сыныпта жағымды ахуал орнату үшінтұрғызып "Бес саусақ" әдісін қолданамыз.
Бас бармақ -Бүгінгі
Балаң үйрек - сабақта
Ортан терек - көтеріңкі
Шылдыр шүмек - көңіл күй
Кішкентай бөбек - тілеймін
Балалар біз бүгін сендермен компьютерде практикалық тапсырмалар орындаймыз.
Бағалау критерийлері таныстырылып һтеді. Бағалау парағы таратылады. Оқушылар бірін -бірі өзара бағалайды.
|
Суреттер
|
Негізгі бөлім
|
№1 Практикалық жұмысты орындау.
Ән тыңдау үшін төмендегі әрекеттерді орында.
Windows Media Player программасын іске қос.
Тінтуір көрсеткішімен «Файл» жазуын шерт.
Тізімнен «Ашу (Открыть)» командасын орындап, терезені аш.
Музыкалық файлды таңдап «Ашу (Открыть)» батырмасын бас.
Басқару батырмаларының қызметін тексер:
Ойнап жатқан музыканың дыбысын күшейт;
Ойнап жатқан музыканың дыбысын азайт;
Ойнап жатқан музыканы тоқтат;
Тоқтаған музыканы қайтадан ойнат.
Дескрипторлар:
Мұғалім көрсеткен әрекетті дұрыс қайталайды;
Басқару батырмаларының қызметін орындайды.
№2 Практикалық жұмысты орындау.
Мәзірден «Жөндеу (Правка)» бөлімін аш.
2. Музыканы тыңдау кезінде қиып алыну керек аралықтың басына жеткенде
«Стоп (Тоқта)» батырмасын
бас.
3. «Тиісті орынға дейін өшіру (Удалить до текущей позиции)» командасын
орында.
5. Қиып алыну керек аралықтың соңына жеткенде «Тиісті орыннан кейін
өшіру (Удалить после текущей позиции)» командасын орында.
6. Қиып алынған музыканы «Музыка» атымен сақта.
7. Қайта ашып тыңдап көр.
Дескрипторлар:
Прогpамманы іске қосады;
Музыканың керекті аралығын қиып алады;
Редакторланған музыканы сақтайды..
|
Оқулық
Плакат
Оқулық
суреттер
|
Аяқталуы
|
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.
Оқушылардың орындаған жұмыстарын дескриптор бойынша талдау және бағалау.
|
|
Рефлексия
|
Бүгінгі сабақтан не үйрендім? Келешекте қалай қолданамын?
|
Үйге тапсырма
|
практикум. Дыбыспен жұмыс
Тақырыбында ақпарат жинау. Дәптерге түсіру
|