Аяқталуы
Рефлексия
|
7 мин.
|
Жұмыс дәптеріндегі тапсырманы орындау.
Бүгінгі сабақтан не үйрендім?
Қандай тапсырма қызықты болды?
Көңіл күйім қандай?
|
Жұмыс дәптері
Оқулық
|
Үй тапсырмасы
|
Фотоаппарат немесе ұялы телефон көмегімен өзіңді қоршаған ортаның суреттерінен «Мен ұнатқан пейзаж» тақырыбында фотопейзаж топтамасын жасаңдар.
|
АКТ 3 сынып
№ 16-сабақ.
ІІ тоқсан қорытындысы
2-тоқсан соңында бөлімдері бойынша оқушылар меңгерген білімі мен тәжірибесіне жиынтық бағалау жүргізу үшін үлгі ретінде тапсырмалар жұмыс дәптерінде ұсынылады. Бөлім бойынша жиынтық бағалау оқу бағдарламасы негізінде оқушыға таныс материалдан болуы тиіс екенін ескеріп, тапсырмалар арнайы құрастырылды. Мұғалім осы тапсырмаларды үлгі ретінде алып, бірнеше нұсқа құрастырып, қолдануына болады.
Сонымен қатар, бөлім бойынша меңгерген оқу мақсаттары, оқушылардың ойлау деңгейлері, бағалау критерийлері, тапсырмалар және іс-әрекетті орындаудың дескрипторлары ұсынылды.
Ескерту: Бөлім бойынша жиынтық бағалауды жүргізу үшін де ұсынылған тапсырмаларды пайдалануға, түрлендіруге болады.
2-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмалары көрсетілген оқу мақсаттары, ойлау деңгейлері және бағалау критерийлеріне негізделіп құрастырылды.
Бақылау жұмысын(жиынтық бағалау) дайындау үлгілері
ІІ тоқсан қорытындысы бойынша бақылау жұмыстарын дайындау үшін төмендегі оқу мақсаттарын таңдаймыз.
3.1.2.1 - компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.1.2.4 - компьютерлік программаларда меню командаларын қолдану;
3.2.4.1 - арнайы программаны пайдалана отырып дыбысты жазу, өңдеу және шығару.
3.2.2.1 - қарапайым графикалық редактор құралдарын қолдану.
АКТ 3 сынып
Достарыңызбен бөлісу: |