"Санамақ" әдісі арқылы топтастыру
І топ- жұмыс үстелі. ІІ топ - программа
Топ атаулары мен бағалау критерийлері таныстырылып өтеді. Өзара топ мүшелеріне бағалау парағы таратылады.
Топтар бірін - бірі өзара бағалайды.
Сабақтың тақырыбын дәптерге жазады.
"Әткеншек" әдісі арқылы / жұптық жұмыс/
Программа деген не?
Жұмыс үстелі деген не?
Смайлик арқылыбір - бірін бағалайды.
суреттер
Негізгі бөлім
Түсіну
Қолдану
Ой қозғау сұрақтары: /топтық жұмыс/
1. Неліктен компьютерге алуан түрлі программалар орнатылады?
2Неліктен компьютер іске қосылғаннан кейінгі экран Жұмыс үстелі деп аталады?
Топтар бірін -бірі "Бағдаршам" әдісі бойынша бағалайды.
Оқушылар дискідегі тапсырмаларды орындайды. / жеке жұмыс/
оқулық
Талдау
Сабақтың соңы Жинақтау бағалау
Өзінің сабақ оқитын жұмыс үстелің мен компьютердің Жұмыс үстелін салыстыр. Ұқсастығы мен ерекшеліктерін анықта.
Бұл тапсырма "Екі жұлдыз, бір тілек" әдісі арқылы бағаланады.
Оқушылар жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды /жеке жұмыс/
Тапсырмалар орындалып болған соң, дұрыс нұсқасымен тексеріліп, смайликтер арқылы бағалайды.
Плакат
Оқулық
Жұмыс дәптері
Рефлексия
Бүгін не үйрендім? Көңіл күйім қандай болды? Неден қиналдым? Үйде нені қайталаймын?
Үй тапсырмасы
Компьютерді басқару
.
Тексерілді. АКТ 3 сынып
§ 5 . Файлдар мен бумалар
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары
3.1.2.2 - компьютерлік программаларда файлдарды ашу және сақтау командаларын пайдалану;
3.1.2.3 - файл және бума ұғымдарын түсіндіру;
3.2.4.2.- арнайы тақырыпша сай фотосуреттерді қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар үшін: Файл және бума ұғымымен танысады.
Көптеген оқушылар үшін: Файл және бума ұғымдарын түсіндіреді.
Кейбір оқушылар үшін: Өз бетімен файл және бумалар жасайды.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология: файл, бума, жарлық.
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы Ақпараттар компьютерде қалай сақтайды? Бума, жарлық, файлдардың қызметі не? Файлдарды қалай сақтауға болады? Жарлықтың қызметі қандай?
Жазу: Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
Тірек білім, білік, дағдылар
Компьютер құрылғылары
Жоспар
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
Қосымша ресурстар
Басталуы
2 мин.
5 мин.
Ой сергіту. «Аударыспақ» ойыны -Балалар салмақтары бойыншы жұптасады. Арқаларымен тұрып, қолдарын айқастырып, бірін-бірі көтеріп, аударыспақ ойнайды.
Үй тапсырмасы. «Жарыс» -сынып екі сапқа тұрады. Флипчарт қағазға мұғалім «компьютердің негізгі құрылғылары» «қосымша құрылғылары » деген жазбаларды жапсырып, іледі. Оқушылар кезекпен әр топ өзіне берілген тапсырманы 1 сөзден жазу арқылы жарысады.
Жеңімпаз болған топты мадақтау.
Флипчарт қағаздар, А 4 , маркерлер
Негізгі бөлім
5 мин.
5 мин.
13 мин.
Оқулықпен жұмыс. -жеке оқып, топта талқылап, 1- сурет бойынша сұрақтарға жауап береді.
Мұғалім түсіндірмесі.
Оқушыларға файл, бума және жарлық ұғымдарын түсіндіріп қарапайым түрде түсіндіру керек. Файл мен папка компьютердің ең маңызды элементі екенін, ақпаратты сақтау өңдеу және тасымалдаудағы басты объект екеніне көз жеткіздіру қажет. Сонымен қатар файлдарды сақтау ұғымын және сақталу орнын практикалық тұрғыдан көрсету керек.
Компьютермен жұмыс. Мұғалім суреттер мазмұны бойынша компьютерде орындауды үйретеді.
Оқулық
Дербес компьютер
Аяқталуы
5 мин.
5 мин.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау.
Ойлан! Сұрақтарына жеке, топта, ұжымда жауап беру.
Жұмыс дәптері
Оқулық
Рефлексия
Не білдім? Тағы не білгім келеді?
Үйге тапсырма
1. Үй компьютеріңде өз есімдеріңмен аталған бума және оның ішіне суреттік файл жасап, сақтаңдар.
Тексерілді: АКТ 3 сынып
§6. Программалар терезесі
Мектеп:
Күні:
Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып:
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқу мақсаттары
3.1.1.1 - енгізу (тінтуір пернетақта) және шығару құрылғыларын (монитор мен принтер) ажырату;
3.1.2.1 - компьютерлік программалар қолданушының міндеттерін шешу үшін қажет екенін түсіндіру;
3.1.2.4. - компьютерлік программаларда мәзір командаларын қолдану
Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар үшін: Программалар терезесі, терезенің негізгі элементтері, терезе түрлерінен танысады.
Көптеген оқушылар үшін: Енгізу және шығару құрылғыларын ажыратып, программалардың терезесімен жұмыс жасай алады.
Кейбір оқушылар үшін: Терезенің түрлері мен компьютерлік программаларда мәзір командаларын қолданып, практикалық жұмыстар жасай алады.
Тілдік мақсаттар
Пәндік лексика және терминология: Компьютер, тінтуір, дербес компьютер, терезе, қосу, өшіру, үлкейту, кішрейту.
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы - Сен үшін компьютер қаншалықты маңызды?
-Компьютер қолданылмайтын салаларда атап бере аласың ба?
- Компьютерді қалай іске қосып, өшіреміз?
-Программа терезесін қалай басқарамыз?
-Тінтуірдің құрлысын және оны пайдалануды әңгімелеп бер.
Жазу: Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды жазу.
Тірек білім, білік, дағдылар
Компьютер құрылғылары
Жоспар
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған іс-әрекет
қосымша ресурстар
Басталуы
3 мин.
7 мин.
Ой сергіту. «Жорыққа шығу» -АКТ сабағына саяхат жасау үшін біз не білуіміз қажет. Ортаға 3 оқушы шығады, олар АКТ сабағына қажетті білімдерді мұғалім мен оқушылар айтқанда айналасында тұрған оқушылардан өзінің тобына жинайды. Қызметін атай отырып, топтасамыз.
-қауіпсіздік ережесін білу және сақтау;
- компьютерді қолдана алу;
- интернеттен қажетті ақпарат табу;
- сұрақтарға жауап беру.
Үй тапсырмасы. «Құттықтау», «Тілек хат» кімге, қалай жазғаны жөнінде айтып береді.
Компьютерді іске қосу және өшіру қадамдарын, терезе элементтерін қима қағаздарға жазып, ретімен орналастыру. (жеке, топта)
Өзара бағалауды ұйымдастыру.
компьютер
Қима қағаздар
Негізгі бөлім
5 мин.
7 мин.
13 мин.
Оқулықпен жұмыс. (Мұғалім көмегімен)
Мұғалім түсіндірмесі. Компьютерді қосып-ажырату, жұ-мыс үстелі және терезе элемент-терімен жұмыс.
Суреттерді мұғалім түсіндірерде миға шабуыл сұрақтарын пайдаланады. Бұл жерде мұғалім оқушылардың күнделікті тұрмыста үлкендерден көріп жүрген компьютерді қосып-ажырату, тінтуірмен жұмыс жасау сәттері жайлы әңгімелеуге шақырады.
-мұғалім интертақтадан оқулықтағы түсіндірме бойынша жұмыс жасайды. Оқушылар мұғалімнің айтқан қадамдарын бірлесіп орындайды.
Компьютерді қосып-ажыратуды практикалық тұрғыдан көрсетеді.
Топтық тапсырма:
-«Компьютердің адам өміріндегі маңызы» тақырыбында әңгіме құрастырыңдар. Жариялау, бірін-бірі бағалау.
Оқулық
Дербес компьютер
Аяқталуы
5 мин.
5 мин.
Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды орындау
«Ойлан!» сұрақтарына жеке, топта, ұжымда жауап беру.
Жұмыс дәптері
Оқулық
Рефлексия
Мен бүгін қандай жаңа ақпаратпен таныстым? Не қызық болды?
Үйге тапсырма
«Болашақта компьютер техникасының дамуы» тақырыбында оқушылар өз болжамын дәптерге жазып келеді.