Оқушылар орындай алады: Пәндік лексика және терминология: Мәтін, Сақтау,WordPad редакторы, құжат құру
Диалог/жазбаша жұмысқа қажетті пайдалы фразалар топтамасы - Компьютерде мәтінді теру үшін қандай бағдарламаларды қолдану жөнінде ойыңмен бөліс.
-Мәтіндік редакторлардың негізгі қызметін қалай сипаттауға болады?
-Мәтіндік редакторды пайдалану несімен тиімді?
Қолмен және мәтіндік редакторда мәтін жазудың артықшылығы немесе кемшіліктерін анықтаңдар? Неліктен?
Жазу: Жұмыс дәптеріндегі тапсырмаларды жазу.
Тірек білім, білік, дағдылар
Пернетақтамен жұмыс
Жоспар
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған іс-әрекет
қосымша ресурстар
Басталуы
Ой сергіту жаттығуы. «Ханталапай» ойыны -ортаға түрлі түсті асықтар тасталады. «Ханталапай» дегенде асықтарды жинап алу қажет. Кім көп асық жинаса, жеңімпаз болады. Ойынды 2-3 рет қайталап ойнауға болады.
Үй тапсырмасы. «Сократтық шеңбер» -оқушылар ішкі және сыртқы шеңбер болып тұрады. Сыртқы шеңбер ішкі шеңберге алдыңғы тақырып жөнінде сұрақтар қояды. Рөлдермен ауысады.
Оқу мақсатымен таныстыру.
Негізгі бөлім
Ой қозғау. Оқушылар жұптасып, бір-біріне өздері оқитын мектептің ерекшеліктері жөнінде әңгімелейді.
Топтық жұмыс Оқушылар топта өздерінің мектебі жөнінде шағын 3-5 сөйлемнен тұратын мәтін құрастырады (кейбір топтар мен оқушыларға тірек сөздер немесе суреттер ұсынуға болады.)
Мұғалімнің түсіндірмесі. -оқулықтағы жаңа ақпаратпен және 2-сурет және құрал саймандар мен мәтіндік редактор қызметін интер тақтада түсіндіреді.
Практикалық жұмыс. -Оқушылар мектеп жайлы құрастырған мәтіндерін компьютерге енгізуі керек. Тапсырманы жеке орындайды. Оушылар жазған сөйлемдерін өткен тақырыппен байланыстырып сақтау керек.
Топтық тапсырма:
Мәтіндік редактормен жұмыс жасаудың ортақ ережесін құрастырады. Жариялап, өзара бағалау жүргізіледі.