Критерий – (гректің kriterion – пікір айту құралы деген сөзінен шыққан) соның негізінде баға берілетін белгі, бір нәрсені анықтау немесе бағалау, пікір беру өлшемі …
Алдын ала ұсынылған бағалау шкаласымен ерекшеленеді.
КРИТЕРИАЛДЫ БАҒАЛАУДЫҢ ҚАҒИДАТТАРЫ (ПРИНЦИПТЕРІ)
1. Оқыту мен бағалаудың өзара байланысы. Бағалау оқытудың ажырамас бір бөлігі болып табылады, ол оқу бағдарламасындағы мақсаттармен, күтілетін нәтижелермен тікелей байланысты.
2. Шынайылық, анықтық және валидтілік. Бағалау дәл және сенімді ақпаратты ұсынады. Қолданылатын критерийлердің, құралдардың оқу мақсаттарына жетуге, күтілетін нәтижелерді бағалайтынына сенімділігі болады.
3. Ашықтық және қолжетімділік. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу үдерісіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады.
4. Үздіксіздік. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз үдеріс болып табылады.
5. Дамыту бағыты. Бағалау нәтижелері білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады.
Критериалды бағалау
Формативті (ағымдық, қалыптастырушы) бағалау
Суммативті (қорытынды, жиынтық) бағалау
Сыныптағы күнделікті оқу барысында игерілетін білім мен біліктің ағымдық деңгейін анықтау. Формативті бағалау қорытынды бағаға әсер етпейді, бұл баланың білім игерудің бастапқы кезінде жиі болатын қателесуден қорықпауына ықпал етеді
Оқу материаланың белгілі бір бөлігін (тарау, тақырып) аяқтағанда алынған білім мен қалыптасқан оқу дағдыларын деңгейін анықтау. Тексеру жұмыстары үшін қойылған суммативті бағалар белгілі бір кезеңдегі (тоқса, жыл) қорытынды бағаны шығару үшін негіз болып табылады.
Критериалды ұстаным күтілген қорытынды бойынша оқыту бағдарламасымен қатар критерий қою арқылы бағалауға мүмкіндік береді
Ауызша берілген ақпаратты қабылдау және түсіну арқылы басты ойды ұғу
Сөйлеушінің ойын аңғару және сөз астарынан түсіне білу
Таныс сөз тіркестері не сөздерге икемделе отырып түрлі мәтіндердің мазмұнын нақты ұғыну
Әдеби, ғылыми немесе т.б. мәтіндерді оқу арқылы негізгі ойды ұғыну. Сөздердің мағынасын аша білу, түрлі ағымдық ақпараттарды пайдалану арқылы оқыған мәтінді тереңінен зерттеу.
Жоспарлау, сауатты жазу, жазбаша жұмыстарды түзету және жөндеу
Өз ойын жеткізу барысында ресми және бейресми сөйлеу стилдерін еркін қолдану, өзімен шамалас балалармен арақатынасында белгілі бір ақпаратты игеру