Сабақ: Мектеп: 41 жббм күні



бет2/2
Дата18.02.2023
өлшемі63,42 Kb.
#68971
түріСабақ
1   2
Байланысты:


Сабақтың ортасы

Оқылымнан кейінгі тапсырма.
Алдымен оқушыларға тілдік мәлімет беріледі.
Сөздік қор мен сөздік құрам
Сөздік құрам – белгілі бір тілдегі барлық сөздердің жиынтығы. Сөздік құрамыға жалпыхалықтық лексикамен қатар кірме сөздер, терминдер, кәсіби сөздер, диалектілер, жаргондар, әдеби және ауызекі тіл лексикасы, т.б. енеді. Сөздік құрамыда күнделікті жиі (актив) қолданылатын, сол тілде сөйлеушілерге түсінікті болып келетін ортақ сөздер, сондай-ақ сирек (пассив) қолданыстағы, барлығына бірдей түсінікті емес терминдер, көнерген сөздер, диалектілер, жаңа сөздер бар. Сөздік құрам негізгі сөздік қорға қарағанда өзгергіш келеді, тілдің тарихи даму кезеңінде өзгеріп отырады.
Сөздік қор - тілдің негізгі сөздік қоры – сөздік құрамның ең тұрақты бөлігі, ондағы сөздердің негізгі ұйтқысы.Мысалы : ал,ар,ас,ана,отыр,бар,мен,жан,жас т.б.Негізгі сөздік қор сөздік құрамнан ерекшеленеді. Сөздік қорға тек көне түркілік атаулар ғана енсе, сөздік құрамға тіліміздегі барлық сөздер – диалектілер, кірме сөздер, жаргондар, қарапайым сөздер, сленгтер, т.б. жатады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. 
Топтық жұмыс
1-топ. Оқушылар сөздік қордағы сөздерден жаңа сөздер,жаңа тіркестер жасап , кестеге түсіреді.Сөздік қор арқылы сөздік құрамның қалай толығатынына назар аударады.
2-топ.Мәтіндегі астарлы ойды анықтап, «Дербес пікір жазу» әдісімен автордың көзқарасына баға береді.
3- топ. «Қазақ жұмыскерлкері туралы жат адамдардың пікірін қолдауға бола ма ?» сұрағына жауап беріп, «Төрт сөйлем» тәсілімен пікір, дәлел,мысал,қорытынды жазады.
Дескрипторлар :

  • Сөздік қор және сөздік құрам ерекшеліктерін түсініп қолданады;

  • Автордың көзқарасына баға береді;

  • Қорытынды жазады

ОӘК материалдары

«Ақпаратты сүзіп алу» әдісі , «Дербес пікір жазу» әдісі


«Төрт сөйлем» әдісі

Сабақтың соңы



Мұғалім жасалған жұмыстарға,оқушылардың бір- біріне берген бағасына, айтылған ойларға байланысты кері байланыс береді.

Үй тапсырмасы : Мәтінде стильдік ауытқуларды анықтап,талдап, стильдік түзетулер жасап редакциялайды.

«Менің баспалдағым» әдісі





Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет