Ақ аквариум 1-Т ТЖ Критерий: мәтіннің тақырыбы мен негізгі ойды анықтайды, көркем жазады, мәтінді тиісті дауыс ырғағымен оқып, сөйлем түріне талдайды, диалогқа қатысады
МТ. –Топтар тыңдағаннан кейін алдарыңда берілген сөйлемді дауыс ырғағымен оқисыңдар, басқа топ жауап береді. (Жауап беретін бала балықтың номерлерімен анықталады.)
Дескриптор: мәтінді түсініп ,дауыс ырғағымен оқиды. Негізгі ойды анықтайды. Қарамен жазылған сөйлемді сөйлем түріне талдайды.Сұрақ қояды, дұрыс жауап алады.
ҚБ: Өзара топтық бағалау «Екі жұлдыз, бір тілек» МТ. –Қандай ереже шығады? Сұраулы сөйлем деген не?
Жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейді. Сұраулы сөйлемнің соңына сұрау белгісі (?) қойылады: Сенің досың кім? Сергіту сәті. Орындарынан тұрып ережені қимылмен қайталайды. Жазылым. Оқылым. Күміс аквариум 2- Т. ДЖ Дәптермен жұмыс.
39-жаттығу
Критерий: Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемдерді салыстырады, ажыратады
Дескриптор:Мәтінді түсініп оқиды. Мәтіндегі тыныс белгілеріне назар аударады. Хабарлы сөйлем мен сұраулы сөйлемнің оқылу ырғағын салыстырады. Мәтіндегі сұраулы сөйлемді теріп жазады.
ҚБ: «Үш шапалақ»
Айтылым. Алтын аквариум 3-Т ЖЖ Критерий: Сурет бойынша диалог құрастырады, сөйлемнің қандай түрлерін қолданғанын түсіндіреді.
Дескриптор: Сурет бойынша сөйлем құрайды. Сұраулы сөйлемге айналдырады. Досының жауабын тыңдайды.
ҚБ: Өзара бағалау
Аяқталуы 10 минут
Жетістік баспалдағы. 2-3 ұпай- ақ аквариум
4-6 ұпай – күміс
7-8 ұпай –алтын аваруим. Оқушылар бағалау парағында жинаған ұпай
сандарына қарай тақтадағы аквариумдарға іледі.
М: -Сендерге сабақ ұнады ма? «Бас бармақ» әдісі