Практикалық сабақ 8
Модуль 1 Философияның пайда болуы және дамуы
Тақырып 8: XIX ғасырдың аяғы мен XXI ғасырдың басындағы философия
Сұрақтар
1. Тарихтың материалистік түсінігі – К.Маркстің жаңалығы
2. С.Кьеркегордың діни философиясы
3.А.Шопенгауэр философиясы
4. Ф.Ницшенің «асқан адам» идеясы
Жауабы
1. Тарихтың материалистік түсінігі – К.Маркстің жаңалығы
К.Маркс ,неміс ойшылы диалектикалық және тарихи материализмнің ғылыми саяси экономиканың негізін қалаушы. Маркстың Л.Фейербах шығармаларымен танысуы оның дүниеге көзқарасының қалыптасуына үлкен әсер етеді. 1842 жылы «Рейн газетінде» жұмыс істеп, кейін сол газеттің редакторы болған. Газетте жұмыс істеп жүріп ол қоғамдағы материалдық қатынасты, жеке меншік мәселелерін жақсы ұғады. Бұл Гегельдің «құқық философиясын» сыни қарауға итермелейді. Соның нәтижесінде «Гегельдің құқық философиясына сын» жөніндегі мақаласында саясат экономиканы емес, экономика саясатты анықтайтын және пролетариаттың тарихи рөлін тұңғыш рет ашып көрсетеді, әлеуметтік революцияның болмай қоймайтындығы туралы, жұмысшы табының қозғалысын ғылыми дүниетаныммен ұштастыру туралы тұжырымға келеді. Марксистік әдіс диалектикалық қана емес, сондай - ақ материалистік, ал марксистік теория - материалистік қана емес, сондай - ақ диалектикалық әдіс. Демек, марксизм философиясында материализм мен диалектика біріне - бірі тәуелсіз екі құрамдас бөлшек емес, біртұтас ілім, өйткені ол бейнелендіретін шындық дүниенің өзі - бір мезгілде әрі материалдық, әрі диалектикалық дүние.Сонымен, дүниеге диалектикалық - материалистік көзқарастың жасалуы, материализмнің диалектикалыққа айналуы, материалдық дүниенің және оны танып - білудің ішкі диалектикалық процесінің ашылуы Маркс пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең бірінші көрінісі болып табылады.Марксизмге дейінгі материализм жай пайымдаушылық сипатта болды: оның өкілдері дүниені практикадан тәуелсіз, адамдардың дүниені өзгертуге бағытталған мақсатты іс - әрекетіне байланыссыз - ақ танып білуге болады деп санады. Диалектикалық материализмнің негізін салушылар, керісінше, адамдардың дүниені танып білуінің негізі практикалық іс - әрекет, оның ішінде материалдық игіліктер өндіруге бағытталған мақсатты іс - әрекет екенін терең түсіне отырып, таным теориясына практика критерийін енгізді, практика танымның негізі және ақиқаттылықтың өлшеуіші, анықтаушысы деген қағиданы енгізді. Сөйтіп, Маркс пен Энгельс теория мен практиканың табиғи бірлігін қамтамасыз етті. Бұл да марксизмнің философияда жасаған революциялық төңкерісінің көрінісі болды.Маркс пен Энгельстің философияда жасаған революциялық төңкерісінің ең айқын көрінісі тарихтың материалистік ұғымының жасалуы болды, өйткені Маркстен бүрынғы материалистердің бәрі тек табиғат құбылыстарын түсіңдіруде ғана материалист еді, ал қоғам өміріне келгенде олардың бәрі идеализм шеңберінен шыға алмады, қоғам өміріндегі шешуші күш сана, рухани бастама деп түсінді, өйткені, деді олар, адамдарды түрліше іс-қимылға бастайтын идеялық мотивтер, адамдардың мақсат - мүдделері деді, бірақ бұл идеялық мотивтерді тудыратын түпкі себептерді ашып бере алмады.Диалектикалық материализмнің негізін салушылар адамды қимылға, іс - әрекетке бастайтын идеялық мотивтермен шектеліп қалмай, бұл соңғылардың шын себебін ашты; ол себеп адамдардың материалдық игіліктер өндіруге бағытталған қызметінде екенін дәлелдеп берді. Олар идеологиялық қатпаршақтардың астында жасырынып келген мынадай аса қарапайым фактіні ашып берді: «адамдар саясатпен, ғылыммен, өнермен, дінмен т.б. айналысу үшін алдымен жеуі, ішуі, киінуі тиіс, баспанасы болу керек, ал бұларды өндіру керек» деді Ф.Энгельс К.Маркс ашқан адамзат тарихының даму заңы жайыңда айта келіп. Әрине, бүл қарапайым фактілер Маркс пен Энгельстен әлдеқайда бұрын белгілі болатын. Бірақ олар, бұрынғы материалистер сияқты, бұл қарапайым фактіні айтумен тоқтап қалған жоқ, бүлар сияқты толып жатқан қоғамдық құбылыстардың негізінде терең жатқан заңдылықтың мәнін ашты, атап айтқанда, адамдардың алуан түрлі іс - әрекет, қимылдары материалдық игіліктер өндіру тәсіліне тәуелді екен, ал бұл өндірістің барысында адамдар өздерінің еркінен тыс, тәуелсіз өндірістік қатынастар орнатады екен. Қоғам өмірінің негізі бүкіл басқа идеологиялық, саяси т.б. қатынастарды айқындап беретін түпкі базисі - өндірістік қатынастардың жиынтығы екен.
Достарыңызбен бөлісу: |