Сабақ модуль Философияның пайда болуы және дамуы


С.Кьеркегордың діни философиясы



бет2/4
Дата06.01.2022
өлшемі22,49 Kb.
#15032
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
Философия 8-апта

2. С.Кьеркегордың діни философиясы

Кьеркегор Серен (1813-55)-лат. Діни философы, экзистенциализмнің ізашары. Нем. романтизмін басынан кешірген К. кейіннен өзі «эстетикалық» деп аталған романтикалық ой-пиғылға да, нем. идеялистерінің, ең алдымен Гегельдің философиясына да қарсы шықты. К. Гегельді жалпылық тұрғысынан – адамзат, халық. мемлекет тұрғысынан пайымдайтын, жеке адамдық негіздің онтологиялық маңызын жоққа шығаратын спекулятивтік философтар мектебінің басшысы ретінде сынға алды.К. бойынша, Гегельде орын алғанындай, қоғамды түпкі бекет деп қабылдайтын философия тұрғысынан түсіну мүмкін емес, өйткені бұл орайда жеке адамның негізін құрайтын мәнінің өзі – оның экзистенциясы жоғалады. К. бойынша, шынайы философия тек қана «экзистенциалды », яғни, мейлінше жеке сипатты болуы керек. Осы себепті К. «философияға салынудың ғылыми әдісін» бейнесіз деп бекерге шығаруға тырысады. Адамды «окзихтенция» ретінде қарастыра келіп, К. оның «болмыстық, онтологиялық құрылымына» талдау жасайды, бұл орайда кейіннен экзистенциалистер дамытқан «үрей», «түңілу», «батылдық» және т.б.сияқты ұғымдарды енгізеді. Сонымен бірге К. жеке адамның өмір сүруінің үш тәсілін, яғни экзистенцияның үш үлгісін: эстетивалық, этикалық және діни үлгілерін анықтайды, бұлардың соңғысы олардың ішіндегі ең жоғарғысы деп санады. К-дің діни ілімінің аса маңызды категориясы-«оғаштық» категориясы. К. бойынша, құдайлық дүние мен адамдық дүние. принципті салыстыруға келмейтіндіктен наным логикалық ойлаудан бас тартуды қажет етеді және адам логикасы мен этикасы тұрғысынан алғанда «оғаштықтар», қисынсыздықтар аясына апарып соғады. К. осы екі саланы «біріктіруге», оларды ымыраластыруға тырысқан әрекеттің барлығын қатаң айыптайды: К. өмірінің соңғы кезеңінде ресми шіркеуден арадағы жанжал содан туындады. К. идеялары экзистенциализмнің негізі болып қана қойған жоқ, оның діни ілімі К. Барттың диалект. Теология дейтініне де, сондай-ақ басқа да көптеген протестант және католик философтарға ықпал жасады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет