Сабақ Мухтарова Вероника Сериеовна І санатты бастауыш сынып мұғалімі



бет4/4
Дата31.10.2022
өлшемі31,79 Kb.
#46377
түріСабақ
1   2   3   4
Байланысты:
sd6f5s4df (копия)

Әңгімелеу. ( Мұғалімнің сыйы )



Жүрек жарасы – жамандықтан
Аңыз
Баяғыда бір үйде жалғыз ерке бала болады. Ол адам баласына тек жамандық жасап өседі. Бір күні әкесі баласына 37 шеге береді де былай дейді: «Сен бір адамға жамандық істеген соң, есік алдындағы шарбаққа бір шегеден қағып отыр »,- дейді. Бала жамандық істеген сайын, бір шегеден қағып отырады, әсіресе, бірінші шегесін бар ашумен түгел қағады. 33 шеге қаққасын, 4 шегені әкеп әкесіне береді де, былай дейді: «Әке, мен енді ешкімге жамандық істемеймін, маған енді шегелердің керегі жоқ ». Сонда әкесі былай дейді: « Балам, енді адамдарға жақсылық істеген сайын бір шегеден жұлып отыр »,- дейді. Біраз уақыт өткен соң әкесі мен баласы шарбаққа қараса, ол тесік – тесік болып қалыпты. Сонда әкесі баласына былай депті: « Балам, адамдардың жүрегінде де біреулер жамандық істесе осындай тесіктер қалады »,- дейді.

Талқылау сұрақтары:
? Әкесінің баласы қандай болып өскен ?
? Әкесі қандай амал ойлап табады ?
? Баласы өз қатесін түсіне алады ма






  1. Шығармашылық жұмыс.

Бірлік туралы мақал мәтелдер жазып шығу.
(Қатармен жұмыс)






  1. Ән айту. Көгәрайда шегіртке.

Сөзі: Н.Носовтікі
Әні: В.Шаинскийдікі
Аудармасы: (С.Ж. Нурушева )

Көгәрайда отырады,


Қиярға ұқсап шегіртке.
Жап –жасыл боп отырады,
Қиярға ұқсап шегіртке.

Елестет сен, өзіңе!


Елестет сен, өзіңе!
Жап – жасыл боп отырады,
Қиярға ұқсап шегіртке!

Қиянат ол жасамайды,


Шіркейге ол тимеді.
Көгәраймен қоректеніп,
Шыбындармен дос еді.

Елестет сен, өзіңе!


Елестет сен, өзіңе!
Көгәраймен қоректеніп,
Шыбындармен дос еді.

Құрсағы бір тойматын,


Келе қалды көлбақа.
Шегірткені жеп қояды,
Мүдірмей ол тез ғана.

Елестет сен, өзіңе!


Елестет сен, өзіңе!
Шегірткені жеп қояды,
Мүдірмей ол тез ғана.

Тіптен ол ойламады,


Мүлдем ол ойламады.
Осылай болып қалады деп,
Солай болып қалады деп.
Елестет сен, өзіңе!
Елестет сен, өзіңе!
Мүлдем ол ойламады,
Осылай болып қалады деп.






  1. Үй тапсырмасы: § 17




  1. Тыныштық сәті. - Ал енді балалар,бір минут тыныштықта бүгінгі сабақта үйренген жақсы қасиеттерді еске түсіріп, жүректеріңе түйіп алыңдар. Мен ешкімге ешқашан киянат жасамаймын! – деп, іштей қайталап отырыңыз.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет