« Асқабақтың дәні » (абхаз халық ертегісі) Бір әйел үйінің табалдырығында балаларының киімін жамап отырады. Күтпеген жерден қарлығаштың ұясынан кішкентай балапан құлап қалады. Әйел балапанды көтеріп алақанына алып қараса, аяғын сындырып алыпты. Балапанға жаны ашыған әйел оның аяғын байлап, балапанды ақырындап ұясына қайта салып қояды.
Бұған риза болған қарлығаш келесі көктемде жылы жақтан ұшып келген кезінде әйелдің алдына асқабақтың дәнін тастап кетеді. Ол дәнді алып бақшасына отырғызады, ал асқабақ әбден піскенде, ас әзірлемек болып асқабақты жарады.
О, ғажап! Асқабақтың ортасынан лақ етіп, алтын теңгелер шашылып кетеді. Мұны қызғаншақ көршісі көріп қалады. Келесі көктемде қызғаншақ көршісі қарлығаштың ұясынан балапанды суырып алып, аяғын сындырып, қауырсынымен байлап, ұясына қайта салып қояды.
Көктемде қарлығаш ұшып келгенде, оған да асқабақтың бір дәнін тастап кетеді. Қызғаншақ әйел асқабақ өсіріп, оның күзде пышақпен жарады. Одан қызыл жылан шығып, қызғаншақ әйелдің сазайын тарттырыпты.
? Балалар ертегіден нені түсіндіңдер?
? Екі асқабақтан да алтын теңге шықты ма?
? Неге олай болды деп ойлайсыңдар?
Сабақтың тақырыбы: Жақсылық жасай білейік.
Дәйексөз: Адамдарға түсінікпен қарасақ,
Сонда ғана, гүлденеді болашақ.
Жасамайық адамзатқа қиянат,
Осының бәрін санаңызға ұялат.
Абай ? Дәйексөздің мәні неде ?
? Қандай құндылықты ашады ?