Сұрақ:Валенттілік нолге немесе теріс бола ала ма? (Жоқ)
*Қосылыстардағы атомның күйін білу үшін «тотығу дәрежесі» деген ұғым енгізілген. Тотығу дәрежесі-
Сұрақ:Валенттілік нолге немесе теріс бола ала ма? (Жоқ)
*Қосылыстардағы атомның күйін білу үшін «тотығу дәрежесі» деген ұғым енгізілген. Тотығу дәрежесі- атомның берген немесе қосып алған электрон санымен анықталады. Сұрақ: Тотығу дәрежесі қандай мәндерге ие?
А) Электронын басқа атомға беретін атомдар оң тотығу дәрежесіне ие болады,олардың электртерістігі қосылыстағы жұбымен салыстырғанда кем болады. Электронды басқа атомнан қосып алатын атомдар теріс тотығу дәрежесіне ие болады,олардың электртерістігі қосылыстағы жұбымен салыстырғанда артық болады. Жай зат молекуласындағы атомдардың тотығу дәрежесі нөльге тең болады. (мысалы: N2,0O20,H20,CI20,F20,I02,Br02 Zn0, Fe0).
Элемент атомының тотығу дәрежесі –шартты ұғым,оны заттарды жіктегенде,қасиеттерін сипаттағанда қолданып,элементтің қандай қасиет көрсететінін анықтайды.Мысалы күкірттің күкірт қышқылындағы тотығу дәрежесі+6,яғни ол басқа электрон бере алмайды,тотықтырғыш қасиет көрсетеді,ал күкірсутекте күкірт ең төменгі тотығу дәрежесін көрсетіп тотықсыздандырғыш қасиет көрсетеді.Тотығу дәрежесі көп жағдайда валеттілікке сәйкес келмейді..
Аяқталуы
Білімділік міндеттері:
- оқылған материалды оқушылардың дұрыс меңгергенін анықтау;
-алғашқы берілген түсінікте кеткен кемшілікті анықтау;
- кеткен кемшілікті жою жұмыстары
-тапсырмаларды оқушылар өз бетінше орындайтындай дәрежеге жеткізу;
-оқушылар білімі мен сыныптың ерекшелігіне қарай отырып тапсырманың күрделілігін анықтау.
1. Дәптерге қорытынды жазу:
Электрондық қауыздың құрылысына байланысты атомдардың барлық қасиеттері периодты өзгереді. Бір периодтағы элементтердің иондану энергиясы ядро заряды өскенде және атом радусы кемігенде солдан оңға қарай өседі. Негізгі топшаларда ол жоғарыдан төмен қарай ядродан электрон қашықтығының артуына сай кемиді.
Период бойынша атом радиусы солдан оңға қарай кемиді. Мұны ядро заряды артқанда электрондардың тартылу күшінің өсуімен түсіндіреді. Топшада жоғырыдан төмен қарай атом радиусы артады, өйткені қосымша электрондық қабаттың қосылуы нәтижесінде атомның көлемі ұлғаяды.
Бұл сыртқы электрондық деңгей құрылысының периодты қайталануымен түсіндіріледі.
Ұқсас элементтердің электрондық деңгейінің саны ядро зарядының өсуіне сай артады, осыған орай қасиеттері жай қайталанбайды, олар периодтық заңдылықпен өзгереді.