Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)



бет22/43
Дата29.09.2023
өлшемі496,67 Kb.
#111310
түріСабақ
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43
Байланысты:
himiya-pnnen-10-synypa-arnalan-ysa-merzmd-zhosparlar-toptamasy

2.5 Жартылай ыдырау периоды

Радиоактивті ыдырау – өз еркімен жүретін үдеріс. Изотоптағы әрбір ядро өз еркімен ыдырайды. Бұл үдеріс басқа ядролардың жағдайына және қоршаған ортаның күйіне (температура, қысым) тәуелді емес. Радиоактивті ыдырау изотоптың химиялық құрамына да тәуелді емес. Мысалы, уран қосылыс құрамында болса да, бос күйінде болса да бірдей ыдырайды. Радиоактивті ыдырау заттың агрегаттық күйіне де (қатты зат, сұйық зат немесе газ күйіндегі зат) тәуелді емес. Ыдырайтын ядролардың саны артқан сайын изотоптың радиоактивтілік қасиеті төмендейді.


Ядролардың бастапқы санының жартысының ыдырайтын уақыты – жартылай ыдырау периоды деп аталады. Кез келген изотоптың өзінің жартылай ыдырау периоды болады, оның мәні изотоптың мөлшеріне де, температураға да, қысымға да тәуелді емес. Бір жартылай ыдырау периоды өткенде, изотоптың радиоактивтілігі екі есе азаяды, бірақ изотоп толық жоқ болып кетпейді, сол себептен Жер пайда болғаннан бері 4 миллиард жылдан астам уақыт өтсе де, радиоактивті изотоптар кездеседі. 6-кестеде кейбір изотоптардың жартылай ыдырау периодтары келтірілген.
6-кесте
Кейбір изотоптар және олардың жартылай ыдырау периодтары



Изотоп

Жартылай ыдырау периоды

Уран-238

4,5∙109 жыл

Көміртек-14

5,7∙103 жыл

Стронций -90

28 лет

Висмут-214

19,7 мин

Полоний-214

1,5∙10-4 с

Йод-131

8,1 күн





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет