Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


-топ Өлеңдегі троп түрлерін табу



бет4/4
Дата10.01.2023
өлшемі23,17 Kb.
#60781
түріСабақ
1   2   3   4
2-топ Өлеңдегі троп түрлерін табу
Күрделі теңеулер: “Келе ғой, қошақаным, өзіме!”-деп, Әжем кеп сипағандай шашыман жай; Тұрғандай ана - көңіл тербеп мені; Әжемнің көзіндей бұл оюларды;  Келгендей құлағыма аңсатқан үн; Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім... Кейіптеу: Жан бітіп жайраңдады жан жағымнан, Қазақтың қошқармүйіз өрнектері.
Эпитет: тарамысты саусақтарын; Шебер көп бұл заманда кілең керім; балғын шақтың; Мөлдір шық;
3-топ өлеңге сатылай кешенді талдау
1.Авторы:Фариза Оңғарсынова-ақын,жыр падишасы,қоғам қайраткері.
2.Тақырыбы: тақырып дегеніміз-автордың айтайын деген ойының негізгі арқауы. Бұл өлеңнің тақырыбы-Оюлар-қазақтың ұлттық қолөнерінің түрі айтылған
3. Жанр түрі: поэзия (өлең) Өлең дегеніміз-белгілі бір өлшеммен қиыннан қиыстырып, үйлесімді ырғақпен келетін өрнекті сөз жүйесі.
4.Өлеңнің идеясы: Автор оюлар өлеңі арқылы Әжемнің оюындай, жыр-өрнегім,- деген өлең жолдарында әжелеріміздің қолдарынан шыққан сан қилы оюлары, қолөнер бұйымдары жұртты таң қалдырғанын жеткізген.
5.Шумақ:Аяқталған біртұтас синтаксистік ойды білдіреді.Өлең алты шумақтан тұрады.
6.Тармақ: дегеніміз өлеңнің әр жолы. Өлең 24 тармақты.
7. Өлеңнің негізгі түйіні, тәрбиелік мәні: Ақын Айтайын деген ойын оюмен жеткізген бабаларымыз қандай ойшыл, шебер болғанын. Бабалардан қалған осындай өнерді қастерлеп, өзіміз үйреніп, әрі дамыту біздің міндетіміз.

Ақынның кітаптары, ноутбук,үнтаспа, топты «бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Аяқталуы
10мин

-Эссе жазу «Жыр өрнектері»
-Шеңбердегі доп (Бүгінгі сабақтан алған әсерін, алдына қойған мақсатын айту)
Қазақтың оюлары - халқымыздың ұрпақтан-ұрпаққа жеткен асыл мұрасы,баға жетпес қазынамыз. Ұлтын,оның салт- дәстүрін, өнерін бағалайтын ұл-қыздарымыз барда ұлттық қолөнеріміз де жоғалмайды, ұлтпен бірге мәңгі жасайды.

Өзін-өзі бағалау «басбармақ» әдісі арқылы бағалау


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет