Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)


том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза



бет3/4
Дата10.01.2023
өлшемі23,17 Kb.
#60781
түріСабақ
1   2   3   4
1 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың балғын бүлдіршіндерге арналған жинағына балабақша және бастауыш сынып балаларына арналған тақпақтар, тәрбиелік мәнді өлеңдері енді.
2 том: Қазақтың көрнекті ақыны Фариза Оңғарсынованың бұл кітабына халқымыздың мақал-мәтелдерін талдап, мағынасын түсіндірген шағын әңгімелері және ұлттық салт-дәстүрлеріміз жайлы балаларға пайдалы пікірлері енгізілген.
Олай болса, осындай ұлттық құндылығымыз жайлы өлеңдерінің бірі- «Оюлар» өлеңі. Құлақ түрейік. 
Мұғалімнің мәнерлеп оқуымен таспаға жазылған өлеңді оқушыларға тыңдату.
Мәтінмен жұмыс. Оқушылардың оқуында өлең мазмұнына сұрақ-жауап әдісімен талдау жасалады:
--- Өлеңді оқығанда көз алдарыңа қандай сурет келеді?
/Оқушы жауабы: қазақтың оюлары. Текемет басқан,ою ойған әжелер бейнесі/
Интерактивті тақтадан слайд көрсетіледі.
--- Өлеңнен ақынның қандай көңіл күйі, сезімі байқалады? Оны қай жолдардан байқадыңдар?
/Оқушы жауабы: ұлттық өнерге деген сүйіспеншілік, ауылы алыста қалған балалық шаққа деген сағыныш /оқушылар айтылған сезімдерді байқататын өлең жолдарын тауып оқыды/.
--- Сонымен бірге өлең шумақтарынан ақынды мазалаған бір ойды да аңғарғандаймыз. Қандай ой?
/Оқушы жауабы: «әжелеріміздің көзіндей боп,ұрпақтан-ұрпаққа жеткен ұлттық қолөнеріміз-оюларды бүгінгі ұрпақ қадірін білмей, жоғалтып алмай ма?» деген қауіп/.
-Оқушылар өлең шумақтарын оқу арқылы өз ойларын дәйектейді
Оқушыларға оқыту. Балалардың алдында өлеңнің толық нұсқасы тұрады.
Сөздікпен жұмыс:
БАСҚҰР – киіз үйдің ішін сәндеу үшін керегелерінің басын айналдыра орап (байлайтын) таңатын өрнектелген жалпақ бау.
ЖЕЛБАУ – киіз үйдің шаңырағын қатты жел аударып кетпес үшін шаңырақтан төмен бастыруға пайдаланылатын өрнектелген төгілме шашақты бау.
ҚОШҚАРМҮЙІЗ - қазақтың ұлттық оюының бір түрі
ТАРАМЫСТЫ- арықтау.
1-топ Әдебиет теориясы
Өлеңнің бір шумағын өлең құрылысына қарай талдау
Түрін-ай\\ текеметтің!\\Асыл қандай!
Үңілдім\\ үнсіз ғана\\ басымды алмай.
«Келе ғой,\\ қошақаным,\\ өзіме!» деп,
Әжем кеп\\ сипағандай\\ шашымнан жай.
4 тармақты, 1 шумақ, 3 бунақты, 11 буынды, қара өлең ұйқасы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет