4. Бекіту. Ой толғаныс: Ендеше , балалар дыбыс туралы алған мәліметтерді қорыта келе , күнделікті өмірде кездесетін жағдайларға мән бере аламызба? Соны байқап көрейік.
1-тапсырма.
1. Жазық далада жаңғырық шығуы мүмкін бе?
(Жауабы: Жоқ, дыбысты шағылдыратын зат жоқ)
2. Неге шәйнек қайнар алдында шуылдайды және неге суы аз болғанда қаттырақ шу шығады?
(Жауабы: Алдымен бу көпіршіктері түбінде пайда болады, сосын суық қабатына көтеріледі. Бұл жерде бу конденсацияланады да көпіршік жарылады. Көп көпіршіктердің дауысы шу сияқты естіледі. Қайнаған судың дауысы шәйнектің бетіндегі ауа резонансын тудырады.)
3. Неге күндізге қарағанда дауыс түнде қаттырақ шығады?
(Жауабы: Түнде дыбыс таралып кететін ауа конвекциясының ағыны аз болады. )
4. Неге жанып жатқан ағаш отыннан сыртылдап ұшқын ұшады?
(Жауабы: Ағашта ауа қызған кезде кеңейеді де, ағашты жарып шығады осыдан ұшқын шығады. )
2- тапсырма. Есептер шығару. (Оқушылар сұраққа жауап бергенде, төрт оқушы тақтаға есеп шығарады.)
№ 1. Адам үңгірдің алдына келіп қатты айқайлады. Ол жаңғырығын 3 секундтан соң естіді. Осы үңгірдің тереңдігі қандай?
№2. Бақылаушыдан 5 км қашықтықта найзағай түсті. Қанша уақыттан соң бақылаушы оның дыбысын естиді?
№3. Эхолоттың көмегімен кеменің астынан теңіз тереңдігін өлшеген кезде, сигналды жіберген уақыттан бастап оны қайтадан қабылдағанға дейін 6 с уақыт өтсе, теңіз тереңдігі қандай болғаны?
№4 Бақылаушы найзағайдың жарқылын көрген мезеті мен күннің күркіреуін есту арасындағы уақыт 10 с болғанын байқады. Найзағай бақылаушыдан қандай қашықтықта жарқылдаған? Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы 343 м/с деп есептеңдер.
5. Жаңа сабақ бойынша түсінігін тексеру. 5.1. Тест жұмысы, 5 минут
1. Жиілігі 16 Гц-тен төмен дыбыстар қалай аталады?
А) инфрадыбыстар Б) акустикалық дыбыстар
С) ультрадыбыстар Д) толқындық дыбыстар
2. Адамның есту мүшесі қабылдайтын дыбыс толқындарының жоғары жиілігі қандай?
А) 20 000Гц Б) 200 000Гц С) 200Гц Д) 2Гц
3. Дыбыс қаттылығы немен анықталады?
А) осциллограф Б) дыбыс зорайтқыш
С) камертон Д) генератор
4. Дыбыс қаттылығы қандай шамаға тәуелді?
А) тонның биіктігіне Б) тербеліс амплитудасына
С) тербеліс жиілігіне Д) таралу жылдамдығына
5. Дыбыс қаттылығының бірлігі қандай?
А) метр Б) герц
С) метр/секунд Д) децибел
6. Ауадағы дыбыстың таралу жылдамдығы
А) 330м/с Б) 50м/с
С) 1480м/с Д)5600м/с
7. Ұшақтың көтерілу кезіндегі дыбыс қаттылығы
А) 100дБ Б) 50-60дБ
С) 120дБ Д) 10дБ
5. VІІ Сабақты қорытындылау. Рефлексия жасау. 1. Бүгінгі сабақта біз не білдік?
2. Ал осы алған білімдерің сендерге не үшін керек?
3. Біз алдымызға қойған мақсатымызға жеттік пе?
4. Келесі сабақтардан қандай мағлұмат алғыларың келеді?