Сабақ. Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі, қызметі. Геннің молекулалық биологиясы. Сабаққа дайындалуға арналған негізгі сұрақтар: 1 Нуклеин қышқылдары, құрылысы, жіктелуі



Pdf көрінісі
бет3/21
Дата25.03.2022
өлшемі0,63 Mb.
#28830
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
ақпараттық блок каз ДНК и ГЕН

                                       Уотсон-Крик ұсынған модель: 

       1953 жылы Джеймс Уотсон және  Френсис Крик  ұсынған ДНҚ-ның молекулалық моделі 

мына мәліметтерге негізделіп құрастырылған:  

      1. ДНҚ – полимер, ондағы нуклеотидтер 3-5 фосфодиэфирлік байланыстар арқылы жалғанып, 

полинуклеотидтік тізбектерді құрайды. 

2.   ДНҚ-дағы  нуклеотидтер  құрамы  Чаргаф  ережесіне  бағынады:  ДНҚ  құрамындағы 

пуриндик негіздер (А+Г) әрқашанда және  пиримидиндік (Т+Ц) негіздер қосындысына тең; 

А мӛлшері Т тең, Ц мӛлшері Г тең.  

3.   ДНҚ молекуласы 2 полинуклеотидті тізбектен тұрады, қос ширатылған құрылым.  

4.  Табиғи  жағдайдағы  ДНҚ-ны  құрайтын  қосарланған  тізбек  ӛзара  сутектік  байланыстар 

арқылы ұстасып тұрады.  

5.  ДНҚ  үштік  моделі:  ширатылған  құрылым,  қосарланған  полинуклеотидті  тізбекті  құрай 

отырып бір-бірімен байланысып тізбек оралған күйде болады. 

6.  Екі тізбек бір-біріне антипаралелльді  

7.  ДНҚ тізбегі бағытымен және де полярлығымен ерекшеленеді: әрбір тізбектің 5

/

 ұшы мен 3



/

 

ұшы  болады.  Тізбектің  ұзындығы  тек  қана  бір  бағытта  5



/

  -тан  3

/

-  қа  дейін  ұзарады. 



Әрқаанда 3

/  


ұшы ұзарады. 

8.Тізбектің азоттық негіздері келесі комплементарлық арқылы бірігеді: А мен Т,  Г мен Ц.    

     Комплементарлық –ДНҚ-ның басты кілттік құрамы.  

 

ДНҚ молкулалары  екі түрлі бағытта ширатылған болуы мүмкін: 1) оңға қарай ширатылған- 

В – пішінді;  2)  солға қарай ширатылған – Z – пішінді. 

Табиғатта ДНҚ молекулалары кӛпшілік жағдайда оңға қарай ширатылған күйде кездеседі. 

Құрамында ГЦ нуклеотидтерінің болуы не болмауына байланысты ДНҚ молекуласының кейбір 

учаскелері  В- пішінінен  Z – пішініне немесе кері бағытта ширатылып пішіндерін ӛзгертуі мүмкін. 

ДНҚ құрылымының ауытқуының себебі әлі күнге белгісіз.  

ДНҚ-ның  басты  қызметі  –  тұқым  қуалау  ақпаратын  сақтау  және  нуклеотидтер  арқылы 

сақталған  ақпаратты  ұрпақтан-ұрпаққа  беру.  Тұқым  қуалау  ақпаратының  жасушадан-жасушаға 

берілуі  ДНҚ  молекуласының  редупликациясына  байланысты.  ДНҚ  молекуласында  жасушаның 

құрылымы  мен  ӛмір  сүруге  бейімділігі  туралы  ақпарат  жазылған.  Бұл  ақпарат  генетикалық  деп 

аталады.     ДНҚ молекуласында амин қышқылдарының тұқым қуалау туралы ақпараты жазылған.  

 Прокариоттардың  ДНҚ-сы  қос  тізбекті  сақиналы,  қатты  ширатылған  молекула,  ол 

цитоплазмада  орналасқан.  Оны  нуклеоид  деп  атайды.  Нуклеоид  цитоплазмадан  бӛлінбеген 

ядролық  мембрана  онда  ДНҚ-ның  бірнеше  кӛшірмесі  болуы  мүмкін.  Прокариоттардың 

геномындағы генлер тығыздығы эукариоттарға қарағанда әлдеқайда жоғары. Прокариотты гендер 

эукариотты  гендерден  ерекшелігі  экзон-интрон  секілді  мозайкалық  құрылым  болмайды. 

Прокариоттарда  функциональды  байланысқан  гендер  оперондар  деп  аталатын  құрылымдарды 

құрайды. 

 

Эукариоттардың  ДНҚ-сы біркелкі емес және ол нуклеотидтердің үш  класс қайталанатын  



нуклеотидтер қатарына жатады:      


–жиі  қайталанатын  қатарлар,   геномда  1  млн  дейін  кездеседі;  бұндай  ДНҚ  хромосоманың 

центромерлік  учаскелерінің  гетерохроматиндерінде  орналасады  және  де  ақуыз  синтезіне  қатысы 

болмайды бірақ жеке гендердің арасын бӛліп тұруы мүмкін.. 

–аз  қайталанатын  қатарлар,   геномда  100  және  1000  рет  кездеседі  (мысалы,  тРНҚ,  рРНҚ  және 

ақуыздар,  рибосома  мен  хроматиннің  құрамына  кіретіндер  және  т.б  )  «үй  шаруашылық  гендер» 

туралы ақпаратты алып жүреді, ақуыздың және РНҚ молекуласымен синтезделуін бақылайды; 

–ДНҚ  уникальды  бӛліктері  –бұл  ДНҚ  бӛлігі  қайталанбайтын  нуклеотидтеріне  сәйкес,  олардың 

үлесі  геномның    15-98%-ын  алады    (адамда  –  56%);    және  де  структуралық  гендердің  құрамына 

кіреді, полипептидтің біріншілік құрылымы туралы ақпаратты алып жүреді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет