Ағзалардың тіршілік қабілетіне байланысты гендер былай жіктеледі:
1. Летальды гендер, ағзаны ӛлімге душар ететін гендер
2. Сублетальды гендер – ағзаның кӛбеюі ұрпақ қалдыру қабілетінің бұзылуына, тіршілік
әрекеттерінің тӛмендеуіне не жойылуына себеп болатын гендер
3. Нейтральды гендер немесе бейтарап гендер ағзаның тіршілік қабілетіне әсері жоқ гендер
ДНҚ-ның құрамында едәуір ұзындықты алып жатқан қайталанып орналасқан нуклеотидтік
жүйелер болады. Ол учаскелерде нуклеотидтердің ондаған, жүздеген, тіпті мыңдаған кӛшірмелері
кездеседі. Бұл кӛшірмелердің қызметі әлі толық анықталмаған.
Кластерлі гендер- бұл әртүрлі гендер тобының қызметіне байланысты, хромосомалардың белгілі
бір бӛлігінде орналасқан. Құрылымдық гендердің ерекшелігі оперонның құрамына кіреді, оны
кластерлі гендер деп атайды, бір (жеке) полицистронды а-РНҚ қалыптасып, жалпы қызметтер
орындалу барысында ақуыз ӛнімдері түзіледі. Бірнеше қатар жақын орналасқан құрылымдық
гендерді кластерлі гендер деп сипатталады, осы барлық гендерден а-РНҚ түзіліп жалпы бір
қызметтің орындалуын бақылайды.
Достарыңызбен бөлісу: |