Сіңірдің ағза ретінде құрылысы.
Сіңір ағза
ретінде тығыз қалыптасқан дәнекер тіннен
және
коллагенді талшықтардың аралығында орналасқан
борпылдақ талшықты дәнекер тіннің
(БТДТ)
қабаттарынан тұрады. БТДТ құрамында қантамырлар,
нервтер және ОНЖ-ге сіңірлер тартылыу күйі туралы
сигналдарды өткізетін проприорецептивті нерв ұштары
болады .Сіңірлердің негізін қалын, тығыз және
параллелді орналасқан коллагенді талшықтардың
шоғырлары қалыптастырады. Шоғырлардың
аралығында саны көпемес фиброциттер, шамалы
жасушааралық зат болады. Коллагенді талшықтардың
осындай әрі бір шоғыры І ретті шоғыры деп аталады.
Дәнекер тіннің жұқа қабатымен қоршалған бірнеше І
ретті шоғырлары ІІ ретті шоғырларды құрады. ІІ ретті
шоғырларды бөліп тұратын БТДТ қабаттары
эндотеноний деп аталады. ІІ ретті шоғырлардан ІІІ ретті
шоғырлар қалыптасады. Олардың аралығында БТДТ
қабаттары –
перитеноний болады. Кейде ІІІ ретті шоғыр
өзі сіңір болып келеді. Ірі сіңірлерде IV ретті шоғырлары
болуы мүмкін.
Кейбір сіңірлер сүйекке бекітілген аймақатарында екі
дәнекерлі қабықтармен жабылады, қабықтардың
аралығында гиалурон қышқылына бай сұйықтық
(майлау сұйықтығы) болады.
Достарыңызбен бөлісу: