Сабақ Оқытушымен білімалушылардың өзбетінше жұмысы Тақырыбы : Тірек-қимыл жүйесі



Pdf көрінісі
бет6/10
Дата15.12.2022
өлшемі6,65 Mb.
#57558
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Снимок экрана 2022—11—29 в 19.19.23

Сіңірдің бойлай кесіндісі. Бояуы: гематоксилин-
эозин.х80. 1-перитеноний (борпылдақ талшықты дәнекер
тін; 2 –эндотеноний (борпылдақ талшықты дәнекер тін);
3 –ІІ-ші ретті сіңір шоғырлары (коллагенді 
талшықтардың шоғырлары); 4- фиброциттер (сіңір 
жасушалары); 5- І-ші ретті сіңір шоғырлары (коллагенді
талшықтардың шоғырлары). 


Бұлшықеттің ағза ретінде
құрылысы
Қанқа бұлшықет тің құрылымы. Онжақтағы суретте
бұлшықеттің бөлігі көрсетілген. Солжақта сол бұлшықет
бөлігінің үлкейтілген сур ұсынылған. Түспен эндомизий,
перимизий және эпимизий белгіленген.. 
Бұлшықет ағза ретінде 
бұлшықет тіннен 
және оның трофикасын, механикалық 
сүйемелдеуін және қорғанысын қамтамасыз ететін 
дәнекер тіннен 
құралады. 
Қанқа бұлшықетті бұлшықет талшықтары қалыптастырады. Бұлшықеттердің 
әртүрлерін түзетін талшықтардың ірі шоғырлары кездейсоқ орналасқан емес,
олар ретімен орналасқан шоғырларды қалыптастырады. Бұлшықетті 
сыртынан дәнекертінді қабық –эпимизий жауып тұрады. Эпимизийден
бұлшықеттің ішіне қарай дәнекер тіннің жұқа қабаттары өтеді, олар
бұлшықеттің ішіндегі талшықтардың шоғырларын қоршайды. Бұлшықет
талшықтардың әрі бір шоғырын қоршайтын дәнекер тіннің қабаты 
перимизий болып келедіӘрі бір талшықтың айналасында дәнекер тіннің
жұқа қабаты –эндомизий болады. 
Бұлшықеттегі дәнекер тіннің маңызды функцияларының ішінде оның бұлшықет
талшықтары жиырылған кезінде пайда болатын механикалық күштерді келесі
бұлшықетке өткізу болып келеді, өйткені көптеген жағдайларда жеке
бұлшықет талшықтары бірі бірімен шектеспейді. 
Бұлшықет тіннің трофикасын қамтамасыз ететтін қантамырлар бұлшықетке
дәнекер тіннің қабаттары арқылы еніп тығыз капилляр торын 
қалыптастырады, олар бұлшықет талшықтардың аралығында және оларға 
параллелді орналасады. 
Кейбір бұлшықет талшықтардың ұштары
бұлшықет-сіңір қосылыстар болатын 
жерлерде конус секілді тарылады. 
Электронды микроскопта осы ауыспалы
аймақта коллагенді талшықтары
бұлшықет талшықтардың 
плазмолеммасының күрделі қатпарларына
қондырылғаны көрінеді. 
1 –бұлшықет
талшықтары, 2 –коллагенді талшықтары



Гистологиялық препараттардың


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет