Тапсырма
Оқушылар «Қасым хан», «Жәңгір хан», «Тәуке хан» деген топтарға бөлінеді. Топтарға тапсырма
1 топ “Қасым хан” тобына тапсырма
Тапсырма атауы: Дискуссиялық карта
Тапсырма шарты:Топ ішіндегі әр балаға карточка беріледі.Берілген карточкаға өз жауабын “ия” немесе “жоқ” деп белгілейді
2 топ “Жәңгір хан” тобына тапсырма
Тапсырма атауы:Оқулық мәтіні бойынша ашық тест
Тапсырма шарты:1 топқа берілгендей карточкалар таратылады әр оқушыға олар бос қалған орындарға өз жауабын жазады.
3 топ “Тәуке хан” тобына тапсырма
Тапсырма атауы:”Тарихи сандық”
Тапсырма шарты:Әдеттегідей карточкалар таратылады.Карточкада 4 сұрақ берілген.Оқушыларға сұраққа жауап жазуы тиіс
«Квадрат» стратегиясы. Жаңа материалды қалай меңгергендігін тексеретін жаттығу. Мұғалім «Болжау», «Түсіндіру», «Жинақтап қорыту» және «Бағалау» деген сөздері бар төрт терезеден (квадраттан) тұратын кесте құрады.
Сабақ сонында оқушылардан белгілі бір квадратты таңдауды ұсынады. Яғни, осылай таңдау арқылы әр оқушы тақырып бойынша орындау керек тапсырманың түрін өзіне таңдайды. Квадратты таңдауға байланысты мұғалім мына сұрақтарды қояды:
Қазақ хандығы ары қарай қалай дамиды? (Болжау)
Хандар қандай қызметтер атқарды? (Түсіндіру)
Қазақ хандарына неліктен құрмет көрсетеміз? (Жинақтап қорыту)
Қазақ жерінің аумағын кеңейткен Қасым ханның ісіне баға бер (Бағалау)
|
Ватман мен маркерлер
Дәптер
Электронды қосымша
|