Сабақ Ортақ тақырып: Су тіршілік көзі. Бөлімше: 4 Денсаулық және қауіпсіздік


Оқушылар өз пікірін білдіре алады және оны дәлелдей алады. Пәндік лексика және терминология



бет2/5
Дата13.04.2023
өлшемі36,12 Kb.
#82225
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
sabaq-kz attachment mzh.-dnietanu-3-synyp.-tabii-ortada-anday-aup-aterler-bar (копия)

Оқушылар өз пікірін білдіре алады және оны дәлелдей алады.
Пәндік лексика және терминология:
Қоршаған орта, төтенше жағдайлар, қажетті телефон нөмірлері.
Диалогке/хатқа арналған пайдалы фразалардың топтамасы.
Кімде-кім біреудің өмірін құтқарса, ол бүкіл әлемді құтқарады. Табиғат мұқият атқарылмаған іс-әрекеттерді, қателіктерді кешірмейді. Ралф Эмерсон
Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Қауіп-қатер қайдан төнуі мүмкін?

  • Төтенше жағдай болғанда қандай нөмірлерге қоңырау шалу керек?

  • Алғашқы көмекті қалай көрсету керек?

Хат:
Қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кездегі жасалатын іс-әрекеттердің жоспарын құрастыру.

Алдыңғы білімдер

Табиғи ортадағы менің қауіпсіздігім

Сабақтың жоспары

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Ой қозғау

Мұғалім: Балалар, күнде ұйқымыздан оянғанда бізді жаңа күн, жаңа мүмкіндіктер күтіп тұрады. Күн атып, бүкіл әлемге өзінің сәулесін шашады. Біз одан қуат алып, күнімізді
бастаймыз. Әркім күнделікті ісімен айналысады. Алайда әр күніміз ойдағыдай өте бермейді. Себебі айналамызда түрлі қауіп-қатерлер бар. Осы жайында сөз етпестен бұрын «Леопольд мысықтың жазы» мультфильміндегі «Бұл жағымсыз жағдайдан да өтеміз» әнін тыңдап алайық.
– Балалар, қалай ойлайсыңдар, неліктен сабағымызды осы әнмен бастап отырмыз? (Бізді
көшеде түрлі жағымсыз жағдайлар күтіп тұруы мүмкін. Бұл әнде сол жағдайлар туралы айтылады).


Мұғалім: Біздің айналамызда түрлі қауіп-қатерлер бар және кез келген уақытта олар
өмірімізге зиян келтіруі мүмкін. Қоршаған ортадағы кез келген нәрсе адам өміріне қауіп төндіруі ықтимал. Алайда біз ол қауіп-қатерлерді алдын ала көре және сезе алуды, сонымен қатар, оны болдырмау жолдарын қарастыруды үйреніп жатырмыз. Халық даналығында
«Сақтансаң, сақтайды!» деген сөз бар.
– Қауіп-қатер сөзін естігенде көз алдарыңа не келеді?

Аудиожазба


Тақта







«Қауіп-қатер» сөзіне ассоциация картасын құрастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет