Оқулықтағы «Есіңдн сақта!» мәтінін оқу. Ұжымдаса отырып, «Қауіпті аймақ» сызбасымен жұмыс жасау.
Оқулық
Мұғалім: Әңгімелерді мұқият тыңдап, соған қатысты өз ойларыңды айтып, пікірлеріңді білдіріңдер.
1) ...Бір адам алай-дүлей желден кейін жағажай бойымен жүріп келе жатып, алыста бір адамның ерсі би билеп жатқанын көреді. Қасына жақындай келе, ол адамның билеп
жатпағандығын түсінеді. Адам құмның арасынан бірдеңе алып, оны мұхитқа қарай лақтырып жатыр екен. Ол тағы да жақындай түсіп, былай деп сұрады:
Сіз не істеп жатырсыз?
Толқынның жағаға шығарып тастаған теңіз жұлдыздарын қайтадан суға лақтырып жатырмын.
– Не үшін?
Күн шықты, ал су болса кері кетті. Егер мен оларды суға тастамасам, олар өліп қалуы мүмкін.
Бірақ жағажай ұзындығы қаншама километрге созылып жатыр. Ал бұл жерде мыңдаған теңіз жұлдыздары бар, сіз барлығына бірдей жәрдемдесе алмайсыз ғой. Сіздің жасап жатқан ісіңіздің ешқандай мәні жоқ, бұл ештеңені өзгерте алмайды.
Жігіт қолына тағы бір теңіз жұлдызын алып, оған қарап шығып, теңізге лақтырды. Сосын былай деді:
Ал теңіз жұлдызы үшін бұл жәрдемімнің мәні бар, ол тірі қалып, өмір сүретін болады. Демек, ол үшін бәрі өзгереді.
(Мысал)
Слайдтар
Дәптер
Слайдтар
2) Аспанға қарап отырмыз. Қара бұлт ақырын жылжып келеді. Оның қара болғаны соншалық,
айналаның бәрі түнере бастады. Аспанды қою бұлт қаптады.
Біз үйге қарай қаштық. Бұлтқа қарсы жүгіріп келеміз.
Аяқ астынан жел соға бастады. Айналамыздағы барлық нәрсені үйіріп барады. Шаң көтеріле
бастады. Құрғақ шөптер ұшып жүр. Бұталар мен ағаштар желдің әсерінен ары-бері қозғалып
тұр. Үйге қарай жүгіріп келеміз.
Міне, жаңбыр қатты құя бастады. Үсті-басымыз су бола бастады. Найзағайдың ойнауы және күннің қатты күркіреуі бізді одан ары қорқыта түсті.
Мен жерге құлап түсіп, орнымнан тұрып, қайта жүгіріп барамын. Артымнан біреу қуып келе жатқандай, қатты жылдамдықпен жүгіріп келемін.
Міне, үйге жақындадық. Енді жүз қадам жасасақ, шатырдың астында боламыз. Бір-бірімізге жақындап, кереуетте отырмыз. Күннің қатты күркіреуі саяжайымызды орнынан шайқалтып жібергендей болды. Жаңбыр үйдің төбесіне даңғырлата құйып жатыр. Жауынның қатты
жауғанынан айналада ештеңе көрінбейді. (Михаил Зощенко) 3) Ертеде бір өзен болыпты. Басында ол биік, әдемі шыршалар мен ақ қайыңдардың арасында тығылып аққан кішкентай, көңілді бұлақ болыпты. Барлығы бұлақ суының тазалығына, оның дәмділігіне қызығыпты. Сосын бұлақ нағыз өзенге айналыпты. Өзеннің ағысы бұрынғыдай қатты емес еді, бірақ оның суы әлі де тұп-тұнық және таза болатын.
Өзен саяхаттағанды өте қатты жақсы көрді. Бір күні ол қалаға келді. Мұнда шыршалар мен қайыңдар өспейтін, оның есесіне адамдар тұратын үлкен, биік үйлер бар еді. Адамдар өте көп болды. Олар өзенді көріп қатты қуанды және одан қалада қалуды сұрады. Өзен келісімін береді. Енді оның үстімен кеме, қайық жүзе бастады, адамдар шомылып, жағасында күнге
қыздырынып жататын болды. Өзен бүкіл қаланы сумен қамтамасыз етіп тұрды.
Жылдар өтіп жатты, адамдар өзенге бойларын үйретті, бірақ одан ештеңе сұрамады, керісінше өзенге қатысты ойларына не келсе, соны жасайтын болды. Бір күні өзеннің жағасынан үлкен зауыт тұрғызды. Зауыттың құбырынан өзенге ласталған, лай су аға бастады. Бұл жағдай өзенге ауыр тиді, ол ластанып, лайланып, қарая бастады. Ешкім баяғыдай оның тазалығына, әдемілігіне қызықпайтын болды. Ешкім оның жағасында серуен құрмайтын болды. Өзенге неше түрлі керексіз заттарды, мысалы, банкілер, ағаштың кесілген қалдықтарын тастай
бастады. Өзенге көліктерін, кірлерін жуа бастады. Қала тұрғындарының ешқайсысы өзеннің де тірі жан екендігін ойламады.
(Н. Рыжов)