(Қ, Ө) Оқушылардан Scratch библиотекасындағы дайын костюмдерін ауыстыру программасын сұраңыз.
Оқушылардан спрайт библиотекасындағы екіден артық костюмы бар нысанды анықтауын сұраңыз. Спрайтқа сахна бойынша жылжуға мүмкіндік беретін скрипт құрастыру қажет. Егер костюмдер рет ретімен ауысып отырса, онда «следующий костюм» деген команданы қолдану жөн. Егер белгілі бір костюмді кию керек болса, «сменить костюм на …» командасы қолданылады.
(Ұ) Кірістірілген циклды жүзеге асыру арқылы кейіпкердің костюмдерді ауыстыра отырып, сахнаның периметрі бойынша жылжуын сыныппен бірге талқылаңыз.
Оқушыларды циклде берілген іс-әрекеттер төрт рет қайталанатыны туралы қорытындыға жеткізу қажет.
Дескрипторы:
|
Тапсырманы орындаған оқушыны мадақтау,толықтыру жасау, тиімді кері байланыс орнату.
Белсенді оқу тапсырмалары.
Оқулық
Жұмыс
дәптерлері,
Оқулық
|