Сабақ: PyCharm бағдарламалау ортасын орнату



Дата25.11.2023
өлшемі452,57 Kb.
#127547
түріСабақ
Байланысты:
1.1.1


1.Модул:Тіл негіздері
1.1.Блок:Бағдарламалауды қамтамасыз ету
1.1.1.Сабақ:PyCharm бағдарламалау ортасын орнату
Python тілінде бағдарламалау негіздерін үйрену үшін ең алдымен бізге бағдараламалау ортасын орнату қажет. Бағдарламалау ортасын орнатудан бұрын, pip көмегімен python – пакеттерін орнату қажет. Pip - бұл Python-да жазылған бағдарламалық пакеттерді орнату және басқару үшін қолданылатын пакеттерді басқару жүйесі. Pip көмегімен python – пакеттерін орнату үшін ең алдымен бізге pip – ті орнату қажет. Орнату реті төменде көрсетілген.
Ресми нұсқаулық осы сайтта көрсетілген https://pip.pypa.io/en/latest/installing.html

  • get-pip.py файлын жүктеу (.py кеңейтімімен сақтауды ұмытпаңыз)

  • Файлды іске қосу (әкімші құқықтары қажет болуы мүмкін)

Ендігі кезекте python - пакетін орнату қажет. Ол үшін ресми сайттан (https://python.org/downloads/windows/) нұсқасы ең жаңасын (latest python release) таңдай отырып өзімізге жүктеп аламыз.

Сурет 1.1.1
Сіз төмендегі (1.1.1) суреттегідей файлдар тізімін көресіз. Егер сіздің компьютеріңіздің операциялық жүйесі Windows немесе Мас OS болса сәйкесінше битін таңдап python – ды орнату файлын жүктейміз.

Сурет 1.1.2
Файлды жүктеп болған соң компьютеріміздегі “Загрузки” файлына өтіп, сондағы жоғарыда (1.1.2) жүктелінген файлды ашамыз. Сонда бізде төмендегідей (1.1.3) терезеше пайда болады:

Сурет 1.1.3
“Modify” таңдамасын таңдаймыз.Төмендегі (1.1.4) терезе ашылады.

Сурет 1.1.4
Өзімізге қажетті пункттерді таңдап, Next батырмасын басамыз. Ескере кететін жағдай жоғарыда біз pip – ті орнатқандықтан, бізге бұл пунктті таңдаудың қажеттілігі жоқ.

Сурет 1.1.5
Жоғарыдағы (1.1.5) суреттегідей қажетті пункттерді таңдап болған соң Install батырмасын басамыз.
Ендігі кезекте бағдарламалау ортасын жүктеу қажет осы сілтеме бойынша (https://www.jetbrains.com/pycharm-edu/). Біздің жағдайымызда таңдалынып алынған орта PyCharm Educational Edition. PyCharm – Python тілінде бағдарламалауға арналған біріктірілген дамыту ортасы. Біз оны бірге орнатамыз, сонымен бірге осы керемет редактормен танысамыз.
Жүктеп алынған файлды ашып, әкімші құқықтарын растау арқылы төмендегі терезеге өтеміз.

Сурет 1.1.6

Next батырмасын басамыз.





Сурет 1.1.7

PyCharm ортасын орнату осымен аяқталды.




Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

  1. Билл Любанович, Простой Python. Современный стиль программирования, екінші шығарылым,Санк – Петербург,2021.- 531 – 539 стр.

  2. Python 3 для начинающих https://pythonworld.ru/samouchitel-python


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет