Тексерілді : о.і.м.
|
күні
|
пәні:қазақ әдебиеті
|
Сыныбы: 10
|
сабақ реті
|
мұғалім: Даутбаева Л.Е.№26 ЖББМ Алатау ауданы
|
Қатысқаны:
|
Қатыспағаны:
|
Сабақтың тақырыбы: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен өскен ортасы
|
Осы сабақты меңгеруге қол жеткізетін оқу мақсаты
|
Біржан салдың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау арқылы ақынның жеке тұлғасын таныту, ақын шығармашылығына қызығушылықты ояту;
Оқушылардың жаңа сабақты меңгерудегі ізденіс үстінде талдау, түсіне оқу, тақырыпты қорыта алу, пікір білдіру дағдыларын қалыптастыру,рухани танымдарын кеңейту;
Туған халқының талантты ақыны Біржан салға, әдебиетке, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін оятып, адамгершілікке тәрбиелеу.
|
Құндылықтарды игеру
|
Тарихтың, мәдениет пен тілдің біртұтастығы.
*Отбасы мүшелеріне, ұлттық құндылықтарға деген құрмет.
|
Сабақтың мақсаты
|
Оқылған мәтін бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, мәтінде жалпы не туралы айтылғанын түсінеді.
Ақын бейнесін ашады, портреттік мінездемелерін салыстырады.
Диалогке қатыса алады, баға бере алады, өмірмен байланыстыра біледі.
|
Күтілетін нәтиже
|
Мәтін сюжеті бойынша мазмұндай алады. Ақын кейіпкерге мінездеме береді.
Әдебиетке, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімі оянады
|
Тілдік мақсаттар
|
Мәтінде кездесетін кейбір сөздер мне тұрақты тіркестердің мағынасын ашу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өзің-өзі тану, музыка пәндерінен алған білімдерін еркін қолданады.
|
С а б а қ т ы ң б а р ы с ы
|
Кезеңдер/уақыты
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Құрал-жабдық
ресурс
бағалау
|
Алдыңғы оқу
немесе
бастапқы білім
(2-3 минут)
|
«Қыз қуу» ойыны
Ақын-композиторлар шығармашылығы бойынша
ұл бала бір қызды таңдап, сұрақ қояды немесе керісінше
|
Вербалды бағалау (мадақтау сөздері)
|
Сабақ
тың басы
7-10 мин.
Білу/түсіну.
|
«Қонақ кәде» салты
Оқулықпен жұмыс.316-320-бет
Жеке жұмыс:
1. Біржанның өмірі мен өскен ортасы жайлы.
2. Біржан мен Абай.Біржан мен Сара.
3. Өмірінің соңы.
Ok.ru 07.03.18 «Біржан сал» фильмі. 2009 жыл.
1-үзінді 9 минутынан. (Біржанның өмірі мен өскен ортасы жайлы )
2-үзінді фильмнің алғашқы минутынан
3-үзінді 1 сағат 58 минутынан өмірінің соңы
|
Ok.ru 07.03.18 «Біржан сал» фильмі. 2009 жыл.
Бағалау асық арқылы:
Алшы – керемет;
Тәйке – жақсы;
Бүк - орташа
|
Сабақтың ортасы
15 минут
Қолдану/талдау
|
«Аударыспақ» ойыны
«Ашық және Жабық сұрақтар» әдісі (жұптық жұмыс)
Оқушының қойған сұрағы оның мәтінге ену деңгейі мен алған біліміне диагностика жүргізу тәсілі болып табылады. «Жабық» сұрақтар – бір сөзді жауапты талап ететін сұрақтар. Ал «Ашық» сауалдар – ойлауды, қосымша білімді тартатын, талдай білуді талап ететін сұрақтар.
Оқушылар жұптасып, 5 жабық сұрақ және 2 ашық сұрақ құрастырады.
|
Бағалау:
бейвербалды (ым-ишара, жымию, басын шайқау, қабағын түю т.б.)
Оқулық, ЖД
|
Сабақтың соңы
6 мин.
Жинақтау/бағалау
|
“Жамбы ату” ойыны.
“Жылдам дебат” әдісі
Топтық жұмыс. Оқушылар 4-4-тен топтасды. Топ басшыларын сайлайды. Топ басшысы басына тақия киеді. Оқушылар тақырып туралы пікірлерін ортаға салады. Бар пікірді жинақтап, әр топтан тек топ басшы сөйлейді.
Дебат тақырыбы: Қазіргі таңда Біржан мен Ақандардай сал-серілер бар ма?
|
Бағалау/кері байланыс
Ат мінгізу – пікірін керемет айтқандарға; шапан жабу – жақсы пікірге; «орамал тон болмайды, жол болады» -орташа пікірге.
|
рефлексия
|
«551» әдісі мен «СМС-хабарлама» әдісі
Оқушыларға ұялы телефондарынан сынып чатына SMS хабарлама жазу тапсырылады. Хабарлама ұсынылған сөйлемдердің толықтырылған немесе аяқталған нұсқасы болуы қажет.
Маған ерекше ұнағаны....;
Бүгінгі сабақта мен....жасай алмадым, қиын болды;
Мен... орындадым, қызықты болды;
Мен өзімді....үшін мақтар едім;
Енді мен ...
|
Ұялы телефондар
|
Үйге тапс.
|
1.Біржанның шығармашылығымен таныстықты жалғастыру.
2.Біржан салға хат (қазіргі өнер жайлы)
3.«Біржан сал» фильмін көру (2009)
|
Күнделіктеріне жазып алады.
|
Қосымша ақпарат
|
Дескриптор
|
Оқушылар мәтінді оқыды.
Сұрақтар құрастырды.
Диалог арқылы ойларын жеткізді.
Ақынның өмірін талдады, бағалады.
«Жылдам дебат» әдісі арқылы көзқарастарын ортаға салады.
|
Саралау
|
Сабақ кезеңдері сақталды, оқу мақсатына жетті.
|
Қорытынды бағамдау
|
Қандай екі нәрсе табысты болды? (оқытуда да, оқуда да)
Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады? (оқытуды да, оқуды да)
Сабақ барысында келесі сабағымда кімге ( кімдерге)көмек қажет н/е нені жетілдіру керек
|