Басы – тапсырманың сұрағы, жоғарғы қанаттары – тапсырманың негізіг түсінігі, төменгі қанаттары – түсініктің мәні, құйрығы – барлық сұрақтың жауабы. Жазбалар қысқа болуы керек, жазбаның мәнін ашып көрсететін, негізігі сөздер мен дәйек сөздер болуы керек.
Дереккөзі: Учитель и ученик: возможности диалога и понимания.- Под общей ред. Л.И.Семиной. – М.: Изд-во «Бонфи», 2002г.
“Сыншылдар және генераторлар” әдісі
Оқытушы талқалауға ұзақ уақытты талап етпейтін мәселені ортаға салады. Генераторлар және сыншылдар деген екі топ қалыптасады.
Мысалы.
Бірінші топтың мақсаты- мәселені шешудің, өзекті-өзекті, анағұрлым көп нұсқаларын келтіру керек. Бұл жұмыстың барлығы алдын ала дайындықсыз жасалады. Жұмыс өте жылдам жүруі тиіс. Ал, екінші топ, сыншылдардың мақсаты: осы аталған нұсқалардың ішінен ең тиімдісін таңдап алу. Мұғалімнің мақсаты – оқушылардың өздерінің білімдері мен тәжірибелеріне сүйене отырып, мәселенің дұрыс бұрыстығын шешуге, қандай да бір сұрақтың жауабын табуға бағыт беру. Бұл әдіс студенттердің өзіндік жұмысын іске қосу үшін пайдаланылуы мүмкін.