Сабақ Сабақ тақырыбы «Сақталу заңдары»


Жоғары мәртебелі сұрақтар



бет3/5
Дата24.01.2023
өлшемі82,5 Kb.
#62675
түріСабақ
1   2   3   4   5
Байланысты:
сақталу заңдары1

Жоғары мәртебелі сұрақтар:
1. Техника энергиясыз жұмыс істей ала ма? ( Жоқ. Себебі бірде –бір техника энергиясыз қозғалысқа келіп жұмыс істей алмайды. Сондықтан ғалымдар күн, жел, су, атом энергияларын пайдалану жолдарын үнемі іздестіріп келеді.)
2.Дененің күш импульсі Ньютонның қай заңы негізінде тұжырымдалған? (Ньютонның ІІ заңы импульстік түсінік тұрғысынан тұжырымдалған.)
3.Сағаттың бұралған серіппесінде механикалық энергияның қандай түрлері бар? (Сағаттың тілшесі төмен бағытталғанда кинетикалық энергиясы артады, ал сағаттың тілшесі жоғары бағытталғанда кинетикалық энергиясы кемиді де, потенциалдық энергиясы артады.)

Оқушылар формулаларды, өлшем бірліктерді, анықтамаларды сәйкестендіреді.
Оқушылар берілген есепті топта талқылап, тақтада орындайды.

Сұрақтар бойынша ойланады, жауап береді, бірінің ойын екіншісі толықтырады.



Қорытынды

Бекіту: Тарауды қаншалықты меңгергені туралы жеке жұмыс беріледі.
Тест жұмысы әр топқа 10 сұрақтан беріледі, жауабы интерактивті тақтадан көрсетіледі.
Тест қорытындысын критерий бойынша бағалау:
9-10 –«5»; 8-7- «4»; 5-6-«3»; 1-4 –«2»
І топқа
1. Дене импульсінің өлшем бірлігі
А. кг; В. м/с; С. кг*м/с; Д. Н*кг; Е. кг*с/м
2. Дене импульсінің өзгерісі ... тең
А. күш импульсіне; В. Массасына; С. жылдамдығына;
Д. уақытына; Е. жолына және үдеуіне
3.Дененің массасы мен оның қозғалыс жылдамдығының көбейтіндісіне тең болатын физикалық шама
А. Күш; В. Дене импульсі; С. Уақыт; Д. Энергия; Е. Ара қашықтық
4. Массасы 2 т зымыран жердің үстінде қозғалмай ілініп тұрғанда төмен қарай жылдамдығы 1250 м/с реактивтік ағын шашады. 1с-та қанша газ массасы ағып шығады? g=10м/с2.
А. 17 кг; В.16 кг; С.14 кг; Д. 10 кг; Е. 20 кг.
5. Массасы 160г хоккей шайбасының импульсі массасы 8г, 600 м/с жылдамдықпен ұшатын оқтың импульсіне тең болуы үшін шайба қандай жылдамдықпен ұшуы керек?
А. 15м/с; В. 16м/с; С. 17м/с; Д. 18м/с; Е. 30м/с
6. Дененің лақтыру мезетіндегі кинетикалық энергиясы 200Дж. Егер дене массасы 800 г. болса, онда ол Жер бетінен қанша биіктікке көтерілетінін анықтаңдар.
А. 25,5м; В. 24,2м; С. 12,1м; Д. 6м; Е. 3,6м
7. Күш импульсі деп
А. Күш пен оған әрекет ету уақытының қатынасына тең
В. Күш пен массаның бөліндісіне тең
С. Күш пен массаның көбейтіндісіне тең
Д.Күш пен оған әрекет ету уақытының көбейтіндісіне тең
Е. Күш пен оған әрекет ететін жылдамдықтың бөліндісіне тең
8. ХБЖ жүйесінде күш импульсінің өлшем бірлігі
А. Н*с; В.Н/с; С.Н*кг; Д.Н/кг; Е. Н/кг*м/с
9.Футболшы массасы 700 г допты теуіп, оған 15м/с жылдамдық береді. Соққының ұзақтығын 0,020 с деп есептеп, соққы күшінің орташа мәні
А.0,200Н; В. 200Н; С. 525Н; Д. 500Н; Е. 600Н
10. Массасы 200г доп, 5м/с жылдамдықпен ұшады. Импульсі қанша?
А.1кг*м/с;В.0,6кг*м/с;С.14кг*м/с;Д.15кг*м/с;Е.21кг*м/с


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет